Posted on

«WorldSkills Kazakhstan 2019» Чемпионатының ашылу салтанаты

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «WorldSkills Kazakhstan 2019» — V Республикалық кәсіби шеберлік Чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Оған еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа түседі және таңдалған құзыреттілікте медаль ұтып алу мүмкіндігі үшін жарысады. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалайды.

Шараның ашылу салтанатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов байқау қатысушыларына сәттілік тілеп, аталған чемпионаттың еліміздің экономикасы үшін маңызы зор екендігін атап өтті.

«Бұл — шын мәнінде еліміз үшін, республикамыз үшін өте маңызды іс-шара. Еліміздің басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласына өте үлкен көңіл бөледі. Бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болдым. Техникалық және кәсіптік білім саласын дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді. Соның ішінде WorldSkills қозғалысын дамыту мәселесін де көтерді. WorldSkills құзыреттіліктерін білім бағдарламаларына енгізу мәселесі — біздің алдымызда тұрған басты мақсат. Біз оны дамытатын боламыз», деді Асхат Қанатұлы.


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307