Posted on

«Worldskills Kazakhstan 2019» Чемпионатының 1 күні

Бүгін “Worldskills Kazakhstan 2019” республикалық чемпионаттың бірінші күні аяқталды. Еліміздің 17 аймағынан 400-ден астам жас маман (22 жасқа дейінгі) WorldSkills-тің 38 құзыреттілігі (мамандықтары) бойынша сайысқа түсті. Конкурсқа қатысушыларды 500-ге жуық сарапшы бағалады.

 

Қатысушылар «Кірпіш қалау», «Плиткамен қаптау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Сырлау және сәндік жұмыстары», «Сантехника және жылыту», «Электромонтаж жұмыстары», «Ағаш ісі», «Дәнекерлеу технологиясы», «Электроника», «Сандық бағдарламалық басқару бар станоктар токарлық жұмыстары», «Көрнекі мерчендайзинг и витринистика», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Кузовты жөндеу», «Прототиптеу», «Шатыр жұмыстары», «Мехатроника», «Зертханалық және химиялық сараптау», «Веб дизайн және әзірлеу», «Графикалық дизайн», «Желілік және жүйелік басқару», «CAD инженерлік графикасы», «Бизнеске арналған IT шешімдер», «Ұялы робототехника», «Ақпараттық-кабельдік желілер», «Интернет заттар», «Өндірістік автоматика», «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару», «Мейрамханалық қызмет көрсету», «Кондитерлік ісі», «Аспаз ісі», «Наубайхана ісі», «Қонақ үйді басқару», «Медициналық және әлеуметтік күтім», «Шаштараз өнері», «Сән технологиясы», «Мектепке дейінгі оқыту», «Бастауыш сыныптарда оқыту», «Флористика» құзіреттіліктері бойынша бақ сынасты.