Posted on

Қазан қаласында 45-ші «WorldSkills Kazan 2019» әлем чемпионаты басталды.


2019 жылғы 22-27 тамыз аралығында Қазан қаласында (Ресей) WorldSkills International құзыреттіліктері бойынша 45-ші «WorldSkills Kazan 2019» әлем чемпионаты өтуде.
63 елден 1 400-ден астам жас маман 56 құзыреттілік (мамандық) бойынша сайысқа қатысып жатыр. Чемпионатқа әлемнің әр түкпірінен келген 16-22 жас аралығындағы жас мамандар өздері таңдаған құзыреттілік бойынша медаль алу мүмкіндігі үшін күресуде. Чемпионатқа қатысушылар WorldSkills стандарттары бойынша ұлттық жарыстарда іріктеліп алынды және өз еліндегі ең мықтылар болып табылады. Оларды 1 300-ге жуық сарапшы бағалайды. Чемпионаттарды өткізудегі әлемдік тәжірибені зерделеу үшін чемпионатқа баратын Қазақстан Республикасы атынан делегация жіберілді. Делегация құрамында аймақтық техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өкілдері бар.
Чемпионат аясында Білім және Ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан мемлекетiнiң 31 негізгі құзыреттілік бойынша қатысатын 34 қатысушымен кездестi. Олар «Ұялы робототехника», «Бизнеске арналған IT шешімдер», «Электромонтаж», «Аспаз ісі», «Мехатроника», «Инженерлік графика CAD», «Сандық бағдарламалық басқару бар станоктар айналдыру жұмыстары», «Дәнекерлеу технологиясы», «Плиткамен қаптау», «Кузовты жөндеу», «Сантехника және жылыту», «Электроника», «Веб технологиялар», «Кірпіш қалау», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Кескіндеме және сәндік жұмыстар», «Шаштараз өнері», «Сән технологиясы», «Кондитерлік ісі», «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету», «Мейрамханалық қызмет көрсету», «Тоңазытқыш және желдету жабдықтарына қызмет көрсету», «Желілік және жүйелік басқару», «Графикалық дизайн», «Көрнекі мерчендайзинг и витринистика», «Наубайхана ісі», «Қонақ үй басқару», «Жүк машиналарына техникалық қызмет көрсету», «Химиялық зертхананың технологиясы», «Баспаға шығару технологиясы», «Бетонмен жұмыс жасау технологиясы» құзыреттілік бойынша қатысуда.
45-ші WorldSkills кәсіби шеберлік әлем чемпионаты алаңында «WorldSkills Kazan 2019» чемпионаты аясында WorldSkills Conference-мен бірге Министрлер Саммиті өтті.
Саммитке қозғалысқа қатысушы елдердің кәсіптік білім беру мен кадрларды дайындауға жауапты министрлері, оның ішінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қатысты. Министрлерге ұлттық кәсіптік білім беру жүйесін дамыту үшін WorldSkills құралдарын пайдалану мәселелері талқыланды.