Posted on

Cеріктестерді іріктеу байқауы

2019 жылы мемлекеттік тапсырманы орындау барысында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне келесі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеуде серіктестерді іріктеу байқауын жариялайды;
1. Гидротехникалық мелиорация;
2. Метрология;
3. Көлік – экспедициялық қызметтер;
4. Шағын авиациялық ауа көліктерін пайдалану;
5. Қолөнер өндірісі;
6. Өндірістік газдарды өндіру;
7. Өндірістік робототехника;
8. Компьютерлік анимация;
9. Ақпараттық ресурстарды құру мен басқару;
10. Сандық энергия желісі;
11. Наноматериалдар негізінде бұйымдардың технологиясы;
12. Автоматтандыру және электр жетектерінің электромеханикалық жүйелері (таза энергия, электромобильдер);
13. Дестинацияны басқару;
14. Ыңғайландырылған есептеуіш жүйелер;
15. Халықаралық жүк – автомобиль тасымалдары.

Байқауға қатысу үшін оқу орындарымен жұмыс берушілердің өкілдерінен тұратын шетелдік және қазақстандық мамандар толтырған сауалнама үлгісіндегі өтініштерін 2019 жылдың 27 тамызына дейін proposal@tvet.kz электронды поштасына жіберуді сұраймыз.