Posted on

Конференция «Білім берудегі әріптестік оқыту сапасын арттыру факторлары»

2019 жылдың 7 тамызында Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлерінің «Білім берудегі әріптестік оқыту сапасын арттыру факторлары» тақырыбында конференция өтті.

Конференцияға техникалық кәсіптік білім беру департаменті директорының орынбасары Жүнісов Ернат Гапуович, Атырау облысының әкімінің орынбасары Шапкенов Серік Жамбулович, сонымен қатар еліміздің барлық аймақтарынан колледж директорлары мен жұмыс беруші компаниялардан 250 ден астам өкілдері қатысты.

Конференция барысында: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, бизнес-қауымдастықпен әріптестік негізінде жұмыс берушілерді тарту,ТжКБ ұлттық жүйесінің беделін арттыру, техникалық қызмет көрсетушілерді халықаралық дәрежеде оқыту сияқты мәселелер қарастырылды.

Конференцияның тақырыптық алаңында бірнеше панельдік сессия өткізілді, ал панельдік сессияның өз алдына негізгі мәселесі болып білім беру мен бизнес-қоғамдастықпен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болып табылады. Атап айтқанда, келесі мәселелерді талқыланды:

  • халықаралық білім беру кеңістігін құру перспективалары;
  • өндіріс пен еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталған оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілдері;
  • ҚР ТжКБ жүйесіндегі дуалды білім беруді одан әрі дамытудың перспективалары;
  • коммерциялық жобаларды іске асыру арқылы білім беру мекемелерінің кәсіпкерлік әлеуетін дамыту.

Іс-шара аймақтағы кәсіпорындар мен колледждер арасында білікті мамандарды даярлау, «ЖасМаман» жобасын жүзеге асыруда өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ, WorldSkills аймақтық және салалық чемпионаттарының өткізілуіне және Ұлттық және халықаралық чемпионаттарға қатысуына барынша ықпал етті.