Posted on

Еуропалық білім қорына жұмыс сапары

2019 жылдың 1-5 шілде аралығында Стратегиялық жоспарлау, талдау және ІТ – қамтамасыз ету департаментінің бас менеджерлері С. Түсенова мен А. Тлеубергенова Еуропалық білім қорына (ЕБҚ) (Италия, Турин қ.) жұмыс сапарымен барды. Аталған сапар ЕБҚ сарапшыларынан зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша зерттеу жүргізу тәжірибесін зерделеуді және әдістемелік сүйемелдеу алуды көздеді. Қазақстан атынан делегация құрамына ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаменті еңбек нарығын дамыту басқармасының бас сарапшысы Ә. Әнуарбекова, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ жобалық басқару департаментінің директоры Е. Жұманбаев, Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі ғылым департаментінің аға ғылыми қызметкері А. Ибрашева, ҚР БжҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ талдау, мониторинг және бағалау департаменті директорының орынбасары А. Ахметжанова кірді.
Бірінші күні ЕБҚ аға сарапшысы Кристин Хемшемайермен жоспарланған іс-шараларының апталық жоспары талқыланды. Қазақстаннан келген делегацияның әрбір өкілі өздерінің ұйымдарының қызметі туралы қысқаша айтып берді.
Еуропалық Одақтың кәсіби білім беру саласындағы саясатын дамыту мәселелері бойынша ЕБҚ сарапшысы Георгиос Зисимос дағдыларды дамыту стратегиясы 2020, Erasmus 2020-2027 бағдарламасын жүзеге асыру туралы әңгімеледі. Осы жобаның Қазақстан үшін маңыздылығын ескере отырып, Г. Зисимос кәсіби басымдықтар орталықтары қызметінің механизмі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кәсіби білім берудің негізгі құзыреттіліктерін дамыту бойынша ЕБҚ сарапшысы Галина Терзи Еуроодақтың өмір бойы білім алу үшін негізгі құзыреттіліктер туралы айтты. Әлеуметтік инклюзивті білім беруді дамыту бойынша ЕБҚ сарапшысы Лида Кита әлеуметтік интеграция тәжірибесімен бөлісе отырып,соның ішінде кәсіби білім беруге ерекше қажеттілігі бар жастарды тарту туралы айтты. ЕБҚ сарапшылары Мануэль Галфин мен Сирия Таурелли кәсіби білім беру саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті (МЖӘ) дамыту бойынша, сондай-ақ МЖӘ ұғымы мен түрлері туралы түсініктеме берді. Ұлттық біліктілік шеңберін дамыту жөніндегі ЕБҚ сарапшысы Арджен Дейжден ұлттық біліктілік шеңберіне байланысты мәселелер бойынша әдіснамалық сүйемелдеу алынды.
Кәсіби білім беру сапасын қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі ЕБҚ сарапшысы Моунир Бати өз сөзінде білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша ЕО елдерінің тәжірибесін келтірді,оның ішінде ол осы мәселе бойынша серіктес елдерге арналған форум туралы айтып, білім беру сапасын қамтамасыз ету шеңберімен бөлісті.
ЕБҚ аға сарапшылары Михайло Милованович пен Кристин Хемшемайермен Ұлттық баяндама талқыланды. Михайло Милованович Ұлттық есеп шеңбері бойынша Қазақстанда кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз етуді бағалау үшін өзекті тақырыптарды анықтау міндетін қойды.
Сарапшылармен іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, 2019 жылғы 27 қарашада жоспарланған қорытынды Ұлттық есепті ұсыну, ЕБҚ бағасы мен валидациялық іс-шараны талқылау бойынша диалог өтті.