Posted on

Ұлттық деңгейдегі «Қазақстандағы Туриндік процесс» дөңгелек үстел (семинар)

«Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуінің Ұлттық есеп шеңбері блоктарын талқылау үшін «Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2019 жылғы 12 маусымда Нұр – Сұлтан қаласында дөңгелек үстел (семинар) өткізді.
Дөңгелек үстелге (семинар) ҚР БжҒМ ТжКБ Департаментінің, ҚР ЕХӘҚМ халықты жұмыспен қамту департаментінің, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ, ҚР БжҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ, «Өрлеу» БАҰО, Нұр-сұлтан қ. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Нұр-сұлтан қ. «Білім беруді жаңғырту орталығы» КММ, Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығының, «Астаналық бас аспаздар ассоциациясы» ЗТБ және ЖК, «KAZENERGY» Қауымдастығының, ШҚО «Кәсіптік білім беру орталығы» КММ, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары Білім басқармаларының өкілдері, директорлардың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары мен колледждердің әлеуметтік педагогтары қатысты.

ҚР БжҒМ ТжКБ Департаментінің серіктестік және халықаралық жобалар басқармасының басшысы Ширгатова Р.Р. алғы сөз сөйледі.Ол Туриндік процесс зерттеуі сараптамалық механизмі мен әртүрлі мүдделі тараптардың қатысуымен ұлттық деңгейде ТжКБ дамыту саясатын талқылау үшін платформа болғанын айтты.Ұлттық есеп жобасы дөңгелек үстелге (семинар) қатысушылардың ұсыныстарын, түзетулерін ескере отырып пысықталатынын атап өтті.
Барлық қатысушыларға ТжКБ жүйесінің саясатына блоктар бойынша талдау жасалды: Экономикалық жағдай және еңбек нарығының жағдайы; Әлеуметтік орта және ТжКБ-ға жеке сұраныс; ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі және жұмысы; ТжКБ-ны басқару және қаржыландыру.

Бұдан кейін дөңгелек (семинар) үстелге қатысушылар саясат саласындағы мәселелерді, осы мәселелердің туындауына қандай факторлар себеп болғанын, сондай-ақ Қазақстанда аталған мәселелерді жою немесе жағдайды жақсарту үшін жоспарланған шешімдерді талқылады.
Күннің екінші жартысында қатысушылар ТжКБ саясаты саласында бар айтылған мәселелерді шешу үшін қандай ұсынымдар қажет екенін талқылады.
Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ мониторинг басқармасының басшысы
С. Татибеков дөңгелек үстелді (семинар) қорытындылады.