Posted on

Ұлттық деңгейде «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеу шеңберінде фокус – топтар өткізу

2019 жылы Қазақстан Туриндік процесстің ұлттық раундына қатысады. 2019 жылдың есебін жазу үшін 2014-2018 жылдар аралығындағы сандық және сапалық деректер пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуінің басым бағыттары ретінде келесі тақырыптарды белгіледі:

  1. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларға арналған білім беру бағдарламаларын енгізу;
  2. Worldskills чемпионатына қатысу арқылы жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру;
  3. Озық колледждердің үздік тәжірибесін үлгі жүйесіне, оның ішінде құзыреттілік орталықтарының қызметі арқылы тарату.

Осы және басқа да тақырыптар бойынша сапалы мәліметтер алу үшін оқытушылар және өндіріс шеберлерімен, студенттермен және колледж түлектерімен фокус-топтар өткізілді.

Фокус-топтар 2019 жылғы 13 мамырдан 16 мамырға дейін Нұр- Сұлтан қаласындағы «Гуманитарлық колледжі» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК, «Политехникалық колледжі» МКҚК, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Жоғары колледжі» МКК ШЖҚ, «Менеджмент және бизнес колледжі» ЖШС базасында өткізілді.

Фокус-топтарға барлығы 66 оқытушы мен өндіріс шеберлері , 82 студент және 66 колледж түлектері қатысты.

«Гуманитарлық колледж» және «Менеджмент және бизнес колледжі» түлектері мамандықтары  бойынша жұмысқа орналасқанда колледж әкімшілігі мен оқытушылары көмектескенін және  қиындықтар болмағанын айтты.

Көптеген түлектер өздерінің еңбек жолын бітіруші курс студенттері болғанда  бастады.

Бітірушілердің арасында қазіргі уақытта шетел фирмасында жұмыс істейтін және ағылшын тілін жетік  білмеу жұмыста проблема туғызғанын, тілді меңгерудің қажеттілігі туралы айтты.