Posted on

Оқұ құралдарын әзірлеу бойынша семинар

Мемлекеттік тапсырманы іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 29-30 сәуірде «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ ТжКОБКББ оқу-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы өзектендірілген үлгілік жоспарлары мен бағдарламалар бойынша оқу құралдарын әзірлеуші авторлармен семинар өткізді.

Семинарда ТжКБ мамандықтары бойынша «Оқу қралдарын әзірлеудің негізгі талаптары», жұмысты ұйымдастырудың негізгі кезеңдері, алдаыңғы тәжірибе, негізгі қиындықтар мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Семинар жұмысына  ТжКБ  оқу орындарынан және жұмыс берушілер қатарынан 100 авторлық топ қатысты.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Бимедина Әсима Темкенқызы құттықтау сөз сөйледі.

Асима Темекенқызы өз сөзінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырмаларын орындау шеңберінде негізгі бағыттарын атып өтіп, оқу құралдарын әзірлеудің маңыздылығын айтты, білім беру сараптамадан өтудің аса маңызды мәселелерін көрсетіп, қойылған міндеттерді орындауға сәттілік тіледі.

Семинар барысында пікір алмасылды, оқу құралдарын әзірлеуге қатысты мәселелер қаралды.Семинардың екінші бөлігінде қатысушылар топтарда жұмысын жалғастырды.