Posted on

Модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде білім беру бағдарламаларымен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеу бойынша семинар

2019 жылдың 17 сәуір айынан  17 мамыр айы аралығында «Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ ТжКОБ оқу-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде  техникалық және кәсіптік, орта білім беру мамандықтары бойынша 15 білім беру бағдарламасы мен оқу – әдістемелік құралдарды әзірлеу бойынша семинар өткізілді.

Семинар жұмыстарына келесі мамандықтар бойынша «Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ қызметкерлері мен 100 сарапшы, оның ішінде  қазақстандық сарапшы-кеңесшілермен бірге Германия, Ресей, Украина және Латвиядан шетелдік сарапшы-кеңесшілер қатысты:

  1. Қолөнер өндірісі;
  2. Өндірістік газдарды өндіру;
  3. Дестинацияны басқару;
  4. Шағын авиациялық ауа көліктерін пайдалану;
  5. Көлік – экспедициялық қызметтер;
  6. Метрология;
  7. Гидротехникалық мелиорация;
  8. Өндірістік  робототехника;
  9. Компьютерлік анимация;
  10. Ыңғайландырылған есептеуіш жүйелер;
  11. Ақпараттық ресурстарды құру мен басқару;
  12. Сандық энергия желісі;
  13. Наноматериалдар негізінде бұйымдардың технологиясы;
  14. Автоматтандыру және электр жетектерінің электромеханикалық жүйелері;
  15. Халықаралық жүк – автомобиль тасымалдары.

Семинарлардың негізгі мақсаты модульдік – құзыреттілік тәсілдеме негізінде  білім беру бағдарламаларымен келесі оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын әзірлеуді талқылау болып табылады:

 – кәсіптік модульдер бойынша практикалық және зертханалық тапсырмалар жинағы;

– ағымдық және қорытынды бақылауды жүргізуге арналған бақылау-өлшеу материалдары және біліктілік (дипломдық) жұмыстарының (жобалардың) үлгі тақырыптарының тізімі;

– кәсіптік модульдер, өндірістік оқу және кәсіби тәжірибені өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулық.

Семинар өткізудің барысында ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес (3,4,5 деңгейлер бойынша) еңбек қызметі түрлерінің функционалды талдамасы жасалынып, мамандықтың әрбір біліктілігіне базалық және кәсіптік құзыреттіліктерімен оқу нәтижелері бойынша мазмұны анықталды.

«Автоматтандыру және электр жетектерінің электромеханикалық жүйелері» мен «Наноматериалдар негізінде бұйымдардың технологиясы»

мамандығы бойынша сарапшы-кеңесшілер

«Қолөнер өндірісі» мен «Дестинацияны басқару» мамандығы бойынша сарапшы-кеңесшілер

«Халықаралық жүк – автомобиль тасымалдары» мен «Көлік – экспедициялық қызметтер» мамандығы бойынша сарапшы-кеңесшілер

«Метрология»  мамандығы бойынша сарапшы-кеңесшілер