Posted on

Холдинг базасындағы тағылымдама – ТжКБ жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың бір түрі ретінде

2019 жылғы 13-17 мамыр аралығында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ базасында Маңғыстау облысының  Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Сармурзина Жания Оңалбайқызы тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ бекіткен жеке тағылымдамадан өту жоспарына сәйкес жүргізілді.

Тағылымдаманың тақырыбы мен мазмұны техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін дамыту үшін «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметінің негізгі нәтижелеріне бағытталды.

Тағылымдамадан өту кезінде келесі мәселелер қаралды:

  • ТжКБ мамандықтары бойынша өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын туыстас біліктіліктер бойынша білім беру деңгейлерін кіріктіруді есепке ала отырып, модульдік-құзіреттілік тәсіл негізінде әзірлеу және енгізу;
  • оқытудың модульдік-кредиттік технологиясын ескере отырып қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • арнайы білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • халықаралық тәжірибе негізінде әзірленген «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • техникалық және кәсіптік білім берудің өзектендірілген үлгілік оқу жоспарлары бойынша оқу құралдарын әзірлеу;
  • «Жас Маман» жобасына қатысу;
  • «Worldskills» чемпионаттарын ұйымдастыру және өткізу;
  • Турин процесіне негізделген ТжКБ жүйесінің саясатын талдау.

Тәжірибе нәтижесі бойынша Ж.О. Сармурзинаға сертификат берілді.

Кәсіби тағылымдама өңірлердегі колледждердің қызметіне жетекшілік ететін жұмыскерлердің біліктілігін арттырудың тиімділігін көрсетті және біз осы тәжірибені жалғастыруды дұрыс деп санаймыз.