Posted on

Қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу бойынша семинар

2019 жылдың 29 сәуірінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырманы іске асыру шеңберінде қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу бойынша семинар өткізді.

Семинар Нұр-Сұлтан қ., «Alanda» қонақ үйінде өтті.

Семинарға 70-тен астам адам қатысты: «Кәсіпқор» холдингінің өкілдері, колледждер мен ЖОО-лардың арнайы пәндер оқытушылары, Қазақстан Республикасының жұмыс берушілері қатарынан қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу бойынша сарапшылар-кеңесшілер.

Семинардың мақсаты – қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру.

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Бимедина Әсима Темкенқызы құттықтау сөзін сөйледі.

Асима Темекенқызы өз сөзінде «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ қызметінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырмаларын орындау шеңберінде негізгі бағыттарын атып өтіп, бакалавриат мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу және енгізу маңыздылығын айтты, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартудың және әзірлеудің аса маңызды мәселелерін көрсетіп, қойылған міндеттерді орындауға сәттілік тіледі.

Келесі баяндамалар тыңдалды және талқыланды:

– Далабаев Жанат Қуанышбайұлы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және дамыту басқармасының бастығы, тақырыбы: «Қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу әдістемесі»;

– Сыздықов Ерке Қалиақбарұлы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және дамыту басқармасының бас менеджері, тақырыбы: «Қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы»;

– Сарин Байкен Асылбекұлы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және дамыту басқармасының бас менеджері, тақырыбы:«Қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлеудің негізгі кезеңдері».

Семинар барысында пікір алмасылды, қолданбалы бакалавриаттың үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысты мәселелер қаралды.

Семинардың екінші бөлігінде қатысушылар топтарда жұмысын жалғастырды.

Семинар барысында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2019 жылы қолданбалы бакалавриаттың 20 үлгілік оқу бағдарламаларын және жоспарларын әзірлеу бойынша кезең-кезеңмен жоспарын ұсынды, сарапшы-кеңесшілермен бірлесіп мамандықтар, туыстас біліктіліктер бойынша функционалдық картаның жобаларын қалыптастыру, ТжКБ және жоғары білім бакалавриаты білім беру бағдарламарының мазмұнын салыстыру бойынша жұмыс жүргізілді.