Posted on

«Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының WORLD SKILLS стандарттары мен модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізу шеңберіндегі қызметі» Республикалық семинар – кеңес

25- 26 сәуірде Атамекен  кәсіпкерлер палатасының АОФ көрме павильоны базасында ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ, Алматы облысы білім басқармасы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі «Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының WORLD SKILLS стандарттары мен модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізу шеңберіндегі қызметі» атты республикалық семинар-кеңес өткізіледі.

Семинар-кеңеске қатысуға білім басқармаларының өкілдері, әлеуметтік серіктестер, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, Республика бойынша колледж директорлары, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері шақырылады.

Семинар-кеңестің форматы панельдік пікірталастар өткізуді көздейді:

– Оқу – әдістемелік бірлестік-ТжКББ жүйесінде тиімді оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізі, «Кәсіптік оқыту» ОӘБ жұмысының ерекшеліктері»;

– World Skills чемпионатына студенттерді дайындау бойынша өндірістік оқыту шебері мен колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттілігі;

– Тәлімгерлік институты – ТжКББ жүйесінде кадрларды даярлау сапасын арттырудағы тиімді механизм.

Семинар – кеңестің мақсаты:  Техникалық және кәсіптік білім беру  жүйесінде  «Өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының WORLD SKILLS стандарттары мен модульдік-құзыреттілік тәсілін енгізу шеңберіндегі қызметінің   қазіргі замандағы рөлін   талқылау.

Семинар-кеңестің міндеттері:

  • Модульдік-құзыреттілік тәсілді енгізу жағдайында арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберінің басқару қызметінің өзгеруі.
  • World Skills чемпионатына студенттерді дайындау бойынша өндірістік оқыту шеберлерінің тиімділігін арттыру жолдары.
  • ТжКББ жүйесінде кадрларды даярлау тиімділігін арттырудағы тәлімгерлік институтының рөлі.

Семинар-кеңесі аясында жоспарлануда:

Бірінші күн: 25 сәуір 2019ж:

– Педагогикалық инновациялардың көрмесі

– Пленарлық отырыс

– Панельді секциялар

Екінші күн: 26 сәуір 2019ж:

  • Талдықорған қаласының колледждерінде шеберлік-класстары:
  1. World Skills құзіреттілігі бойынша «Электромонтажды жұмыстар»

Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі, МҚКМ

  1. World Skills құзіреттілігі бойынша «Қаңқалы-қаптау жұмыстары»

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі ҚМГК;

  1. World Skills құзіреттілігі бойынша «Аспаздық іс»

Талдықорған сервис және технологиялар колледжі

  1. Шеберлік-класс: World Skills құзіреттілігі бойынша «Дәнекерлеу технологиялары»

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжі, МҚКМ

  1. Шеберлік-класс: «Жиһаз өндірісінде 3-D модельдеуді қолдану»

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

 

Республикалық семинар-кеңестің қорытындысы бойынша WORLDSKILLS модульдік-құзыреттілік тәсілі мен стандарттарын енгізу шеңберінде өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушыларының қызметін жетілдіру, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық қызметінің беделін арттыру бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.