Posted on

«Жастар және тәжірибе: аймақтық және ғаламдық мүдделер» атты Республикалық студенттік конференция

19 сәуір 2019 жылы Балқаш қаласындығы  «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ-де «Жастар және тәжірибе: аймақтық және ғаламдық мүдделер» атты Республикалық студенттік конференция өтті. Конференция ұйымдастырушылары: «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖМ.

Конференцияның мақсаты: ғылымдарды оқуға қызығушылық танытатын; оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік және ғылыми-тәжірибелік қызметті белсенді жүргізетін жастарды анықтау, қолдау және дамыту.

Бұл конференция пікір, идеялармен алмасу алаңы және ол жастардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін анықтауға, олардың тәжірибелік, ғылыми, зерттеу жұмысына деген қызығушылығын, жұрт алдында сөйлеу дағдыларын, өз гипотезаларын қорғау мен тәжірибелік міндеттерді шешу қабілеттіліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Коференцияға «Кәсіпқор» холдингінің стратегиялық даму және мониторинг басқармасының, ірі аймақтық кәсіпорындардың, Балқаш қаласы әкімдігінің, Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Балқаш филиалының, қалалық Білім бөлімінің, «Тілдер орталығы» КММ, «Пульс» газетінің, «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» және «Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығының» өкілдері, 80 аса студент және Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 70 аса оқытушысы қатысты.

«Жастар және тәжірибе: аймақтық және ғаламдық мүдделер» конференциясының пленарлық отырысында баяндамалар тыңдалды. Содан кейін конференцияның жұмысы 6 секция бойынша жалғастырылды. Секциялардың негізгі бағыттары: «Жаратылыстану ғылымдары», «Машина жасау және экономика», «Энергетика», «Байыту-металлургиялық ғылымдар», «Тілдер және өзін-өзі тану», «Тарих және құқық».Конференцияның нәтижелерін әділ бағалау үшін әр секция бойынша жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өкілдері арасында сараптау комиссиялары құрылды.

Конференцияның қатысушылары мен сараптау комиссиясының мүшелері баяндамаларды тыңдады және талқылады. Әр секция бойынша сараптау комиссиялары қорытынды шығарды. Солардың нәтижелері бойынша қатысушы студенттерге I, II, III дәрежелі дипломдар, басшыларға алғыс хаттар берілді. Конференцияның мақалалар жинағы жарияланды және таратылды.