Posted on

Ұлттық деңгейдегі «Қазақстандағы Туриндік процесс» семинары

«Қазақстандағы Туриндік  процесс» зерттеуінің Ұлттық есеп шеңбері блоктарының тақырыптық салаларын талқылау бойынша «Кәсіпқор «Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Еуропалық білім қорымен бірлесіп 2019 жылғы 12 сәуірде Нұр – Сұлтан қаласында семинар өткізді.

Семинарға ҚР БжҒМ ТжКБ департаментінің, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Түркістан облыстарының Білім басқармаларының, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының, Назарбаев Университеті Жоғары білім беру мектебінің, Аккредиттеу агенттіктерінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының,  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, БжҒМ Ақпараттық – талдау орталығының, үкіметтік емес ұйымдардың, Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік  орталығының,  қоғамдық ұйымдардың,  «Өрлеу» БАҰО,      Нұр – Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, жұмыс берушілер, колледж директорлары, колледж директорларының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, өндірістік оқыту шеберлері және колледждердің әлеуметтік педагогтары қатысты.

Семинардың мақсаты:

– қатысушыларды 2018-2020 ж.ж. Туриндік процестің мақсаттары мен стратегиялық бағыттарымен таныстыру;

– Туриндік процесс зерттеуінің  Ұлттық есеп шеңберімен және зерттеудің басым бағыттарымен таныстыру;

– ЕБҚ бағасын осы раундтың жаңа бөлігі ретінде ұсыну;

–  Елдегі Туриндік процестің қосымша құндылығы туралы саясат мәселелерін талқылау және келісу;

– ұлттық есеп шеңберінің белгілі бір мәселелеріне негізделген бірлескен бағалау тәжірибесін алу.

ҚР БжҒМ мониторинг және үйлестіру басқармасының басшысы

Б. Биекова алғы сөз сөйледі. Стратегиялық даму және мониторинг басқармасының басшысы С. Татибеков қатысушыларды 2019 жылы ұлттық деңгейде «Қазақстандағы Туриндік процесс» зерттеуінің ерекшеліктерімен таныстырды. Еуропалық білім беру қорының аға сарапшысы, Қазақстандағы Туриндік процесс зерттеуінің сарапшысы Кристин Хемшемайер дөңгелек үстелге қатысушыларды 2018-2020 жылдардағы Туриндік процесс зерттеуін жүзеге асырудың негізгі ерекшеліктері және тәсілдерімен таныстырды.

 

Стратегиялық даму және мониторинг басқармасының бас менеджері С. Түсенова семинарға қатысушыларды Ұлттық есеп шеңберімен және зерттеудің басым бағыттарымен таныстырды. Екі сағат бойы қатысушылар Ұлттық есеп шеңберін және саясат саласындағы шараларды талқылады.

Түстен кейін қатысушылар өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

«Кәсіпқор «Холдингі»   КЕАҚ   Басқарма     төрағасының        орынбасары

А. Ахметова мен стратегиялық даму және мониторинг басқармасының басшысы С. Татибеков дөңгелек үстелдің қорытындысын жасады. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.