Posted on

Дуалды оқыту. Білімді APEC береді, APEC берсе әкеп береді

Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic колледжі базасында дуалды оқыту бойынша баспасөз-турын ұйымдастырды.

Аталған шараға еліміз көлемінен 15-тен астам БАҚ өкілі қатысты.

Алғашқы күні колледждің оқу-әдістемелік және техникалық базасымен танысу өтті.

2011 жылдың сәуір айында Елбасы әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құруды тапсырған болатын. Осы орайда жаңа колледждерді құру әрі халықаралық тәжірибені техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізуге бағытталған «Кәсіпқор» Холдингі құрылды. 2013 жылғы наурызда Холдингінің алғашқы жобасы – «APEC PetroTechnic жоғары колледжі» ЖШС ашылды.

«Ембімұнайгаз» АҚ-қа қарасты «Жайықмұнайгаз» мұнай өндіру басқармасымен бірлесе оқытылатын дуалдық жүйені 2013 жылдан бері қолға алып келе жатқан колледж базасы бүгінгі күні кемеліне келіп, толықтай жабдықталған…