Posted on

«Модульдік – құзыреттілік тәсіліне негізделген біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асырудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы республика-лық семинар»

2019 жылғы 12 наурызда Қостанай автомобиль көлігі колледжінде «Автомобиль көлігі» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Модульдік-құзыреттілік тәсіліне негізделген біріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыру»тақырыбында республикалық семинар өтті.

Семинардың мақсаты: ТжКБ жүйесін  жаңғырту мен мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелерін талқылау; модульдік-құзыреттілік тәсілге негізделген біріктіріл-ген  білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша педагогикалық тәжірибені анықтау, қорыту және тарату; оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға бірыңғай көзқа-расты қалыптастыру, біліктілік емтихандарын өткізу және WorldSkills стандарттары бойынша білім беру бағдарламаларына критериалды бағалауды енгізу.

Семинар жұмысына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру әдістемелік кабинетінің өкілдері: М. М. Бокаева, К. А. Алекешова, Ж. С. Жумина, Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы инновациялық даму бөлімінің бастығы К. Т. Ибрагимов қатысты. Семинар жұмысын Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары О. П. Киселева ашты.

Семинарға қатысушылар саны 25 адамды құрады, оның ішінде Астана, Алматы, Ақтөбе, Жітіқара, Рудный және Қостанай облыстары ТжКБ ұйымдарының директорларының орынбасарлары, әдіскерлер, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері.

Директордың орынбасарлары Искаков  Ф.М. және Базарбаев   В.Ж. семинарға қатысушыларды Қостанай автомобиль көлігі колледжінің «Автомобиль көлігі» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің қызметімен таныстырды, колледж бойынша экскурсия өткізді және «СарыарқаАвтоПром»ЖШС практика базасымен таныстырды. Семинарға қатысушылар әлеуметтік серіктестермен танысып, шанақты дәнекерлеу, бояу және жинау бойынша операциялар жасалатын цехтарға барды. JAC, Peugeot, IVECO, ANKAI, Hyundai, Ravon, Chevrolet Niva сияқты брендтермен өндірілетін өнімдер тізбегі ұсынылды. Сонымен қатар өндірістік тәжірибеден өткен колледж студенттерімен кездесу өтті.

Семинардың теориялық бөлімінде Ақтөбе автомобиль-жол колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әділханов Р.К, директордың ОӨЖ  жөніндегі орынбасары Қуатбеков  Ж.К., Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі ЦӘК төрайымы Майер А.В., М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Алматы көлік колледжі бөлімшесінің меңгерушісі Нұрманова  Г.Т.,Астана қаласы әкімді-гінің ШЖҚ «Көлік және коммуникация жоғары колледжі» МКК директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары Матвеева Л.И. модульдік-құзыреттілік тәсілде біліктілік емтихандарын ұйымдастыру және өткізу аясында өздерінің педагогикалық тәжірибесімен бөлісті.

Қостанай автомобиль көлігі колледжі директорының орынбасарлары                  (Бибик В.В.,  Булат Н.С., Ағатаев  Қ.М.) модульдік-құзыреттілік оқыту жағдайында сабақты ұйымдастыру және өткізу, өндірістік оқыту мен кәсіби тәжірибе аясында құзыреттілікті қалыптастыру, оқу тәжірибелерін өткізу кезінде WorldSkills стандарттары бойынша критериалды бағалауды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша модульдік-құзыреттілік оқытуды жүзеге асыру кезінде ОӘБ жұмысы бойынша ұсынымдар берілді: бір мамандық шеңберінде біліктілік емтихандарын біріздендіру мүмкіндігі; семинарға қатысушы оқу орындарына ОӘБ мамандықтары бойынша Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және сараптау үшін оқытушылардың кандидатураларын ұсыну; студенттер арасында WorldSkills Kazakhstan аймақтық және Ұлттық Чемпионаттарын өткізу және WorldSkills аймақтық Чемпионаттарын өткізу кезінде ОӘБ жұмысын жандандыру және WorldSkills өңірлік Чемпионат-тарын өткізу кезінде басқа өңірлердің сарапшыларын тарту.

Республикалық семинардың қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға бірлескен және жемісті жұмысы үшін алғыс хаттар табыс етілді.

Семинардың барлық қатысушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз!


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307