Posted on

«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЦИФРЛАНДЫРУДЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ТРЕНДТЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2019 жылдың 15 наурыз күні  Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде  Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Кәсіпқор» Холдингі» бірлесе ұйымдастырған «Digital Kazakhstan: цифрландырудың жаһандық трендтері және халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық  конференция өткізілді.

Конференцияның мақсаты: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында  адами капиталды цифрлық трансформациялау, инновациялық даму ортасын  құру және ең алдымен білім беру жүйесін ақпаратты талдау және ойлау креативтілігін дамыту машықтарына баса назар аудара отырып, цифрлық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес жаңарту.

Конференцияға «Кәсіпқор» Холдингі» стратегиялық дамыту және мониторинг басқармасының менеджері, ірі аймақтық кәсіпорындарының өкілдері, отандық және Ресей, Филиппин, Уганда, Өзбекстан, Түркияның  ғалымдары, жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 200-ден астам оқытушылар қатысты.

Конференцияға қатысушыларды колледждің «Open college» электронды терминалы, мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық орталығы,   Құзыреттілік орталықтары, «Саналы ұрпақ» жобасы аясындағы адалдық алаңы, «Конституция» залы,  «Сазды әуен» караоке орталығы, «Ұлы дала өркениеті»  тарихи орталығы және колледж шеберханасымен таныстырылды.

«Digital Kazakhstan: цифрландырудың жаһандық трендтері және халықаралық тәжірибе» тақырыбындағы конференцияның пленарлық мәжілісінде  негізгі баяндамалар тыңдалып, конференция секция мәжілісіне  жалғасты. Секция білім берудің халықаралық платформасы, адами капиталды дамыту,  «Smart Grid» энергетикалық жүйелерін интеллектуалдандыру, химиялық технология саласындағы цифрлық өзгерістер, көлік және логистиканы цифрландыру жағдайында кадрларды даярлау бағыттары бойынша жұмыс жүргізді.

Конференцияның қатысушылары баяндамашыларды тыңдап, талқылап оның өзектілігін айқындады. Қорытындылай келе цифрландырудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында  ұсынымдар шығарды.

Конференция соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді. Конференция матералдарының  жинағы шығарылып, таратылды.

 

«Цифровизация в энергетической отрасли Российской Федерации»
Анкин Александр Вячеславович
Российская Федерация
Московский Энергетический Институт

 

«Online and blended realities in Kazakhstan»Victor Avasi (Виктор Аваси)
 Уганда
преподаватель Назарбаев Интеллектуальной школы

 

«Цифровизация химический отрасли Узбекистана»
Юсупова Рано  Иркинджановна
Республика Узбекистан
«Ташкентский педагогический институт»

 

Technological integration in the classroom» Эсторке Пристин
Филиппины
Жамбылский  Инновационный колледж

 

«Sanal gerçeklik ve arttırılmış  gerçeklik ile itimde inovasyon»
Мустафа Назым
Турция (в режиме онлайн)

 

«Стратегия развития дистанционного обучения ТарГУ им. М.Х.Дулати  в рамках реализации проекта «Цифровой университет»
Жидекулова Гулкыз Егеновна
Таразский государственный университет им.М.Х.Дулати


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307