Posted on

«Қазақстандық білімді жаңғырту жағдайында әлеуметтік-мәдени саланың мамандарын дайындау» атты семинар Көкшетау қаласы

Көкшетау қаласы «Достар» мәдениет үйінің мәжіліс залында 2019 жылғы 27 ақпанда «Қазақстандық білімді жаңғырту жағдайында әлеуметтік-мәдени саланың мамандарын дайындау» семинары өтті.

Семинардың ұйымдастырушысы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жанындағы «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық шығармашылығы», «Кітапхана ісі» мамандықтары «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі болды.

Іс-шараға «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ өкілдері, Батыс Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Қарағанды және Ақмола облыстарының «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша техникалық және кәсіптік, орта білініен кейінгі білім ұйымдарының арнайы пәндер әдіскерлері мен оқытушылары, директорлардың орынбасарлары, сондай-ақ РФ Челябинск мәдениет колледжінен әріптестер қатысты.

Семинардың мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұнын жаңарту шеңберінде өзекті мәселелерді талқылау және тәжірибемен алмасу.

Пленарлық отырыстың мазмұны техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ұйымдарына инновациялық білім беру технологияларын енгізудің қазақстандық және шетел тәжірибесін жалпылауды, сонымен қатар «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық шығармашылығы», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша оқытудың мазмұнына модульдік-құзіреттілік тәсілді енгізу мен жүзеге асыруды, жалпы білім беру пәндері бойынша бейіндік саралауға және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерін Ұлттық біліктілік тестілеуі жағдайына ауысу мәселелерін қарастырды.

«Әлеуметтік-мәдени қызмет және халық шығармашылығы», «Кітапхана ісі» мамандықтары бойынша өзектендірілген үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктері, сондай-ақ арнайы пәндер сабақтарында студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыру жолдары қарастырылды және талқыланды. РФ Челябинск мәдениет колледжінің директоры Хусаинова Елена Ивановна мәдени және бос уақытты өткізудегі модульдік білім беру жүйесін енгізу тәжірибесі туралы айтып берді.

Семинардың екінші бөлігінде сұхбат алаңы ұйымдастырылды, онда қатысушыларға қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік туды. «Өнер және мәдениет» бейіні бойынша модуль-құзыреттілік тәсілін жүзеге асыру кезінде білім беруді жоспарлау құжаттамасын жүргізу мәселелері қаралды.

Бұдан басқа, Челябинск Мәдениет колледжінің оқытушысы, РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері В.В. Шибицкий «Бос уақытты ұйымдастырушы-педагог, жаппай театрландырылған қойылымды ұйымдастырушы» және «Демалысты ұйымдастырушы-педагог, әуесқой театр ұжымдарының режиссері» біліктіліктері бойынша колледждің 1-2 курс студенттеріне «Қойылымдық жоспармен жұмыс істеу әдісі» атты тақырыпта мастер-класс өткізді.

Семинар соңында ұсынымдар қабылданды және қатысушыларға сертификаттар берілді.