Posted on

«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ білім беру бағдарламаларын енгізетін колледждер өкілдерінің қатысуымен өңірлік семинар

22016 жылдың 3-4 қараша аралығында Алматы қаласында «Кәсіпқор» холдингінің білім беру бағдарламаларын 2016-2017 жылдар аралығында енгізетін колледждер өкілдерімен өңірлік семинар өтті.
Семинар мақсаты: Холдингтің білім беру бағдарламаларын оқыту процесіне енгізу бойынша білім беру ұйымдарына кеңестік және әдістемелік көмек көрсету.
Семинарға облыстық білім басқармаларының өкілдері, облыстардың оқу-әдістемелік орталықтарының сарапшылары, Алматы қаласының және Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары колледждерінің қызметкерлері (81 адам) қатысты.
ТжКОБ ОӘҚБ семинар барысында қатысушыларға:
– ТжКБ мамандықтары бойынша модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын рәсімдеу және әзірлеу;
– модульдік оқыту кезінде сабақ кестелерін құру;
– ТжКБ беру ұйымдарында перспективалық-тақырыптық жоспарларды жобалау;
– ТжКБ беру ұйымдарының оқыту өндірісін дамыту жоспарын құру бойынша 4 әдістемелік ұсынымды ұсынады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталады.


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307