Posted on

«Қолданбалы бакалавриатты енгізу: проблемалары мен оны шешу жолдары» атты тақырыпта Республикалық семинар 2019 жылғы 7-8 ақпан, Көкшетау қ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ және Ақмола облысы Білім басқармасымен бірлесіп        2019 жылғы 7-8 ақпанда Көкшетау қ. «Қолданбалы бакалавриатты енгізу: проблемалары мен оны шешу жолдары» атты тақырыпта Республикалық семинар өткізді.

Семинарға 286 адам қатысты: ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Ақмола облысы Білім басқармасының,                      Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының, Білім саласын бақылау департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының, ТжКБ ұйымдарының өкілдері.

Семинардың мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша тәжірибемен алмасу, қолданбалы бакалавриатты енгізу кезіндегі проблемелар мен оларды шешу жолдарын анықтау, оқу-әдістемелік кешеннің формалары бойынша бірыңғай ұсынымдарды әзірлеу.

Семинардың бағдарламасы бойынша Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драмма театрында пленарлық бөлім өтті.

Республикалық семинардың модераторы – «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әсима Темкенқызы Бимендина семинардың жұмысын бастады.

Құттықтау сөзімен Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы Талғат Тұрлыбекұлы Жүнісов сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасындағы қолданбалы бакалавриатты енгізудің нормативті-құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөнінде ҚР БҒМ ТжКБД Мазмұн және әдістеме басқармасының бас маманы Гүлвира Орынтайқызы Ошақбаева атап өтті.

Келесі баяндамашылар сөз сөйледі:

  • Далабаев Жанат Қуанышбайұлы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және дамыту басқармасының бастығы, тақырыбы: «Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі және тұжырымдамалық негіздері»;

  • Ескендірова Сәуле Қуандыққызы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің Экономикалық мәселелер бойынша департаментінің басшысы, тақырыбы: «Орта білімнен кейінгі және жоғары білім бағдарламаларының бірізділігі;
  • Дедыкина Елена Олеговна, Көкшетау жоғары медициналық колледжінің оқытушысы, тақырыбы: «Жоғары медициналық колледжге қолданбалы бакалавриатты енгізу тәжірибесі – қорытындысы және нәтижелері»;
  • Матвеева Лариса Ивановна, Астана қ. «Көлік және коммуникация колледжі» МКҚК оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасары, тақырыбы: «Астана қ. Көлік және коммуникация колледжіне қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізудің проблемалары мен болашағы»;
  • Зайцева Стелла Вячеславовна, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» МКҚК ІТ кафедрасының меңгерушісі, тақырыбы: Қолданбалы бакалавриатты енгізудегі жұмыс оқу жоспарлары мен оқу жоспарының ерекшеліктері мен мазмұны»;
  • Еслямова Ақнұр Қабиденқызы, Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжі директорының м.а., тақырыбы: «Қолданбалы бакалавриат – талап етілетін мамандарды дайындаудағы фактор ретінде».

Семинардың қатысушылары қолданбалы бакалавриат енгізілетін Көкшетау қ. колледждерінің қызметімен және материалдық базасымен таныстырылды, олар: Ж.Мусин атындағы Жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Жоғары техникалық колледжі, Көкшетау жоғары медициналық колледжі, Ақан Сері атындағы Жоғары мәдениет колледжі.

Семинардың тәжірибелік бөлімі Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі базасында өтті. Мұнда семинар қатысушыларын құттықтау сөзімен Ақмола облысы Білім басқармасы ТжКБ бөлім басшысы Садвақасов Бегжан Серікханұлы қарсы алды.

Колледжің қызметі туралы Тюлебаев Асқарбек Жамантайұлы айтып берді.

Бұдан әрі жұмыс төрт секциядан құралған фокус топтарда жалғасын тапты:

  1. «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын игерудегі Эдвайзерлік жұмысты ұйымдастыру. Эдвайзер туралы ереже».

Секция жетекшісі: Садвақасов Бегжан Серікұлы, білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы.

Топ фасилитаторы: Корнева Ольга Сергеевна, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының жектекшісі;

  1. «Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын таңдау бойынша компонент мазмұнын анықтау. Білім алушының жеке оқу жоспары және элективті пәндер каталогі».

Секция жетекшісі: Тюлебаев Аскер Жамантайұлы, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің директоры.

Топ фасилитаторы: Жакупова Әселгүл Асылбекқызы – «Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі» мекемесі оқу бөлімінің әдіскері;

  1. «Қолданбалы бакалавриат бойынша жұмыс оқу жоспарын және бағдарламасын әзірлеу».

Секция жетекшісі: Далабаев Жанат Қуанышбайұлы, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және дамыту басқармасының бастығы.

Топ фасилитаторы: Перешивкин Игорь Владимирович, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің педагогикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі;

  1. «Кредиттік оқыту технолгиясы бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін Силлабус әзірлеу».

Секция жетекшісі: Еслямова Ақнұр Қабиденқызы, Көкшетау қ. Жоғары техникалық колледжі директорының м.а.

Топ фасилитаторы: Асқарова Әсел Қорғанбекқызы, Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыс жөніндегі директордың орынбасары.

Республикалық семинардың қатысушылары қарастырылған мәселелердің өзектілігін, қолданбалы бакалавриат бойынша оқу-әдістемелік кешеннің әзірленген формасының тәжірибелік мағыналығын, семинардағы барлық қатысушылардың жоғары белсенділіктерін атап өтті.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша білім беру үрдісін тиімді ұйымдастыру бойынша және барлық тиісті құрылымдарға орындау үшін жолданған ТжКББ ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың бағдарламаларын енгізу бойынша ұсынымдар әзірленді.