Қазіргі заманғы қарқынды дамып келе жатқан әлемдегі, Қазақстанның әлемдік экономикаға қарқынды интеграциялануы және өндірістік технологиялардың жылдам өзгеруі жағдайында, жоғары білікті мамандарды даярлау сапасы аса маңызды ұлттық басымдық болып табылады.
Білім беру үдерісінің жоғары сапасын қамтамасыз ету, инновациялық білім беру технологияларын дамыту және жетілдіру, экономика мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кадрлар даярлау, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардың міндеттерімен бетпе-бет келеді.
Мамандарды даярлау кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлықты, өздігінен білім алуға және өзін-өзі жетілдіруге дайын болудың жоғары деңгейін көздейтін нәтижелерге бағытталуы тиіс, бұл сайып келгенде колледж түлектерінің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді.
Жұмыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, қазақстандық экономиканың сұраныстарын ескеретін халықаралық стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беруде үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын жаңарту қажет.
«Мұнай-газ өндірісі» бейіні бойынша ОӘБ отырысында талқыланатын мәселелердің бірі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының үлгілік оқу жоспарына өзгерістер енгізу: жалпы білім беретін пәндерге қарастырылған сағаттарды түзету арқылы өндірістік оқыту, кәсіптік практика, кәсіптік модуль сағаттарын артуы болды.
Бұл жұмыс берушілердің сұранысы бойынша қосымша кәсіби модульдерді енгізуге және қосымша шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру үшін кәсіби практиканың сағат санын көбейтуге мүмкіндік береді. Осылайша, оқыту бағдарламасы неғұрлым икемді, тәжірибеге бағдарланған және еңбек нарығының талаптарына неғұрлым сәйкес келеді.
Оқытушылар белгілі бір мамандық бойынша оқитын студенттер үшін жалпы орта білім берудің үлгілік жоспарының барлық пәндерін оқу қажеттілігі жоқ деп санайды, себебі білім алушылар 10-11-сыныптың үлгілік оқу жоспарында көрсетілгендей білім беру бағыттарын (гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық) ғана емес, нақты мамандықты да таңдап алды. Белгілі бір мамандықты таңдау жалпы орта білім беру пәндерінің барлық тізбесінен кәсіптік модульді оқу үшін пререквизитті болып саналатын пәндерді таңдау құқығын білдіреді.
Шетелдік серіктестермен жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, мұнай және газ саласындағы кәсіптік модульді оқу үшін математика, физика және химияны үйрену жеткілікті. Әрине, кәсіби циклдегі оқу материалын оқып үйренуге қажетті білім мен дағдыларды қамтамасыз ететін көлемде.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша сағаттар санын 600 сағатқа (20 кредит) дейін қысқарту, білім беру ұйымдарына пререквизитті пәндерді таңдау құқығын қалдырып, қалған сағаттарды кәсіптік модульдерге кәсіби практикаға (60%) және білім беру ұйымы анықтайтын модульдерге (40%) беруге мүмкіндік береді.
Жалпы алғанда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдардың үлгілік оқу жоспарының мазмұнын жаңарту ел экономикасы үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға және еңбек нарығында мамандарды бейімдеу дәрежесін арттыруға мүмкіндік береді.
APEC PetroTechnic» жоғары колледж
жаупкершілігі шеқтеулі серіктестігі