Posted on

«Білім берудің халықаралық стандартты классификациясына сәйкес ТжКББ мамандықтары мен біліктілігінің Классификаторы жобасын әзірлеу туралы және Жалпы білім беретін пәндер сағаттарының есебінен кәсіптік тәжірибеге, өндірістік оқуға, кәсіптік модульге сағаттарды ұлғайту туралы» отырысы

2019 жылғы 15-16 қаңтар аралығында МКҚК «Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжі» базасында, «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ кәсіби білім беру орталығымен ТжКББ білім беру ұйымдарында «Білім берудің халықаралық стандартты классификациясына сәйкес ТжКББ мамандықтары мен біліктілігінің Классификаторы жобасын әзірлеу туралы және Жалпы білім беретін пәндер сағаттарының есебінен кәсіптік тәжірибеге, өндірістік оқуға, кәсіптік модульге сағаттарды ұлғайту туралы» тақырыптары бойынша республикалық семинар-практикум өткізілді. Семинарды «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ жауапты ұйымдастырушылары ТжКББОӘҚ басқармасының бас менеджері Бегалиева Гульнара Турехановна және ТжКББ басқару және дамыту бөлімінің бас менеджері Шарипова Кымбат Каиркеновна ашты.

Қатысушылар: «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ қызметкерлері, республикалық 65 оқу-әдістемелік бірлестіктердің өкілдері.

Республикалық семинардың мақсаты білім берудің халықаралық стандартты классификациясына сәйкес  ТжКББ мамандықтары мен біліктілігінің Классификаторы жобасының соңғы нұсқасын бекіту жәнеТжКББ мамандықтары бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесінің жобасын бекіту болды.

Өткізілген семинар-практикумның міндеттері:

  • Классификатор жобасынталқылау,
  • Жобаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі топтарда жұмыс;
  • ТжКББ ҰБТ жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары бойынша топтардың Жобасын талқылау;
  • ТжКБ жүйесі ұйымдары жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу;
  • жаңғырту процесінің негізгі аспектілері бойынша ТжКБ ұйымдарының педагог кадрларының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

Республикалық семинар-практикумға қатысушылар баяндамашыларды тыңдап, талқылап, Қазақстанның ТжКББ жүйесі үшін айтылған мәселелердің өзектілігін атап өтті,сондай-ақ болашақта осындай іс-шараларды өткізу қажеттілігі туралы пікір білдірді.

Материалдар. Жүктеу.