Posted on

«Қолданбалы бакалавриатты енгізу: проблемалары мен оны шешу жолдары» Республика семинар

2019 жылғы 7-8 ақпанда Көкшетау қ. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі базасында «Қолданбалы бакалавриатты енгізу: проблемалары мен оны шешу жолдары» атты тақырыпта Республикалық семинар өтеді.
Семинардың басты мақсаты – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына қолданбалы бакалавриатты енгізу бойынша тәжірибемен алмасу, қолданбалы бакалавриатты енгізу кезіндегі проблемалар мен оларды шешу жолдарын анықтау, оқу-әдістемелік кешеннің формалары бойынша бірыңғай ұсынымдарды әзірлеу.
Семинардың бағдарламасы бойынша Ш.Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық-драмма театрында пленарлық бөлім, бұдан әрі практикалық жұмыс төрт секциядан құралған фокус топтарда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі базасында өтеді.
Семинардың қатысушылары ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Білім саласын бақылау департаментінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының, жоғары оқу орындарының, Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының, қолданбалы бакалавриатты енгізіп жатқан 46 колледжінің өкілдері.