Posted on

Түлектердің кәсіби жолын қадағалау

2018 жылғы 10 желтоқсан мен 12 желтоқсан аралығында Бішкек қаласында нақты деректерге негізделген саясатты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бесінші отырысы өтті.

Қазақстан атынан делегация құрамында:

Камал Жамангозов-Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжінің директоры.

Вудворд Диляра-Қазақстан-Британ кәсіби даму және өзара әрекеттесу орталығының директоры.

Ахметжанова Аида-«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сарапшысы, Астана қ.

Тусенова Салтанат – «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ стратегиялық даму және мониторинг басқармасының бас менеджері болды.

Жұмыстың бірінші күні кәсіптік білім беру және оқыту және жоғары білім беру саласындағы түлектер туралы мәліметтер бойынша елдік тұсаукесерлер ұсынылды. Техникалық және кәсіптік білім беру түлектерін қадағалау туралы С. Тусенова мен А. Ахметжанова ,ал  Д. Вудвворд жоғары білім беру туралы айтып берді.

Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген әріптестер түлектердің кәсіби жолын қадағалау бойынша  өз презентацияларын ұсынды.

Лайпниесе Диана Латвияда түлектердің кәсіби жолын қадағалаудағы тәжірибесімен бөлісті. Ол өз елінде түлектердің мониторинг жүйесін құру қажеттілігі туралы, түлектердің жұмысқа орналасуын мониторингілеу түрлері туралы айтып, түлектердің сауалнамаларының мысалдарын келтірді.

Екінші күні Еуропалық Білім қорының сарапшысы Ева Янсова білім беру және өтпелі кезеңдегі зерттеулермен таныстырды. Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Қырғызстаннан келген әріптестермен бірге түлектердің кәсіби жолын қадағалауды жүзеге асыру жоспары әзірленді. Түстен кейін Польша әріптесімен скайп-кездесу өтті. Божиковский Марек Польшада түлектердің жұмысқа орналасуын қадағалау жүйесі туралы айтты.

Үшінші күні деректер жинау құралдарымен, сұрақтар қоюдың негізгі ережелерімен таныстық, практикалық тапсырмаларды орындадық.

Соңында, әрбір ел түлектерді қадағалау бойынша негізгі бағыттарымен таныстырды.