Posted on

«ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМЫ

2018 жылғы 5 қазандағы Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды енгізу және іске асыру бойынша тәжірибе жинақтау үшін республикалық және аймақтық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау аясында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ
2018 жылғы 21 қараша күні Астана қаласында «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК базасында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері» атты республикалық семинар-практикум өткізуді жоспарлап отыр.

Республикалық семинар-практикумның мақсаты – экономиканы
жаңғырту 3.0 сұранысы үшін кәсіби кадрларды қалыптастыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту процессінің басты бағыттарын жүзеге асыру бойынша қазақстандық және шетелдік озық тәжірибені жалпылау.

Семинар-практикум жұмысына қатысу үшін облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, ТжКБ бөлімдерінің және орталықтарының, ТжКОБ ұйымдарының басшылары және педагогикалық қызметкерлері, «Атамекен»ҰКП, «Акредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» КЕМ өкілдері және республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктердің басшылары шақырылып отыр.

Семинар-практикумның пленарлық отырысында келесі сұрақтарды қарастыру жоспарлануда:

  • «Жаңа экономиканың сұраныстарын ескере отырып кадрларды даярлауды және қайта даярлауды жаңғырту» жобасын жүзеге асыру;
  • бизнеспен білімді интеграциялаудағы ұлттық және аймақтық палаталардың орны;
  • «Қазақстандағы Турин процесі» жобасын жүзеге асыру;
  • Білім берудің сапасын қамтамасыз ету;
  • ТжКБ жүйесі үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзектендіру.

Семинар-практикум жұмысында елімізде үштілділікті енгізу, ECVET әдісі бойынша сынақ бірліктерін есептеу жүйесін енгізу тәжірибесін зерделеу, республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарларын және алдағы міндеттерін қарастыру, Холдингтің штаттан тыс тренерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру секілді тәжірибелік сабақтарды өткізу жоспарланған.

Қосымша ақпаратты www.kasipkor.kz  сайтынан және Кәсіптік білім беру орталығының бас тренері Боженов Аскар Заиповичтен +7701430 08 90, +77172 79 45 59 телефон нөміріне хабарласып білуге болады.


Warning: call_user_func_array() expects parameter 1 to be a valid callback, function 'storefront_post_nav' not found or invalid function name in /sites/kasipkor.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 307