Posted on

«ТжКБ жүйесіндегі инклюзивті білім беру жұмысындағы тәжірибені зерттеу» атты тақырыптағы республикалық семинар

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында Алматы қаласында «Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжі» КМҚК базасында «ТжКБ жүйесіндегі инклюзивті білім беру жұмысындағы тәжірибені зерттеу» атты тақырыпта республикалық семинар өтті.

Аталмыш республикалық семинар Қазақстан Республикасында ТжКБ жүйесіндегі инклюзивті білім беру жұмысының тәжірибесін зерттеу мақсатында ұйымдастырылды. Семинардың жұмысына Алматы қ. және облыстардың Білім басқармаларының, Алматы қ. колледждер қауымдастығының, «Ұстаз» кәсіподағының, «Өрлеу» БАҰО, Түзету Педагогикалық Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, ҚР ТжКБ ұйымдарының, БАҚ өкілдері қатысты.

Колледж студенттерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылған.

Сонымен қатар, инклюзивті топтардың студенттері білім алатын мамандықтар бойынша үйірме жұмысы көрсетілді.

Құттықтау сөзімен колледж директоры Анарбек Қалдарұлы Нұрымбетов сөз сөйледі. 1993 жылдан бастап инклюзивті білім беруді іске асырып келе жатқан колледж қызметі туралы қызқаша айтып берді, семинар қатысушыларын іс-шараның бағдарламасымен таныстырды.

«Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің қолжетімділігі» атты тақырыпта «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мазмұны және дамыту басқармасының бас менеджері Айгерім Жоламанқызы Жакупбекова баяндама жасады.. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша 2017-2018 жылдарға арналған жол картасын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған атап айтқанда, жеңіл түрдегі ақыл-ойы кенжелеген балаларға арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін әдістемелік ұсынымдарын іске асыру бойынша Холдинг тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары туралы толық ақпарат берілді. Аталған әдістемелік нұсқаулық аясында Қазақстанда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі қолжетімділігінің талдауы жүргізілді, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің қолжетімділігі бойынша шетел тәжірибесі зерделенді.

Жакупбекова Айгерім Жоламанқызы семинар қатысушыларына 2017 жылы ҚР БҒМ мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде әзірленген 1 жыл 10 ай оқу мерзімі бар «Тігінші» біліктілігі бойынша арнайы оқу бағдарламасының жобасы туралы айтып берді, осы санатта оқытып жатқан колледждердің жұмыстарының үлгілерін келтірді, зердесі қалыпты және зерде бұзылыстары бар балаларды оқыту айырмашылығын түсіндірді.

Баяндаманы қорытындылай келе Қарағанды облысының эксперимент шеңберінде ТжКБ жүйесіндегі инклюзивті білім беруді енгізу тәжірибесімен алмасу бойынша ақпарат берілді. Оның оң нәтижесі республикалық деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық деңгейлерде аталған болатын.

Атап айтқанда, Қарағанды техника-құрылыс колледжінің жетістіктері туралы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттер 2017 жылғы мамыр айында (Мәскеу қ., Ресей) Abilympics (Абилимпикс) және 2017 жылғы қазан айында (Әбу-Даби қ., БАӘ) Deafskills республикалық және халықаралық чемпионаттарына қатыса алды.

Бұдан басқа, ТжКБ ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытуға қатысты өзгертулер енгізілген мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру білім беру стандартының жобасы көрсетілді.

Келесі баяндама «Инклюзивті кәсіптік білім беру және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларды әлеуметтендіру бойынша ресурстық орталықтың жұмыс тәжірибесі» атты тақырыпта инклюзивті білім беру бойынша әдіскер Айтбек Гайсанович Сарсенгалиев сөз сөйледі. Ол Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжіндегі инклюзивті білім беру жұмысымен таныстырды.

Сарсенов Айтбек Гайсанович ресурстық орталықтың жұмысы, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттерді оқытудағы жетістіктер туралы, әлеуметтік серіктермен және ЖАО-мен жемісті еңбегі туралы, колледже ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар оқытылатын мамандықтар мен біліктіліктер туралы, ресурсты орталықтың болашақтағы жоспарлары мен стратегиялық мақсаттары туралы жеткізді.

Рейбанд Татьяна Николаевна – «Солтүстік Қазақстан кәсіби даярлау және сервис колледжі» ЖММ оқу жұмысы бойынша директордың орынбасары «Колледжде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған оқу үрдісін ұйымдастыру» атты тақырыпта сөз сөйлеп, Петропавл қаласында ұйымдастырылған Колледждің студенттері мен №2 арнайы түзету мектеп-интернатының оқушылары арасында даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Арнайы түзету мектеп-интернатының түлектері бұдан әрі эксперимент тәрібінде колледжде бірнеше мамандықтар және біліктіліктер бойынша білім алуды жалғастырып келеді. Колледждің инклюзивті білім беруді ұйымдастыру қызметі №2, ЖАО, ҚР БҒМ, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ, Түзету Педагогикалық Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен іске асырылып келеді. Осымен қоса, қаланың әлеуметтік серіктестерімен инклюзивті топтар студенттерінің өндірістік тәірибесінен өту және бұдан әрі оларды жұмысқа орналастыру бойынша жұмыс ұйымдастырылған.

Курманалиева Акжаркым Кайратовна Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжінің оқу әдістемелік жұмысы бойынша директордың орынбасары «Инклюзивті білім беру кезіндегі оқу үрдісін ұйымдастыру» атты тақырыпта баяндама жасады. Мұнда инклюзивті топтардағы оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша кезең-кезеңдік педагогикалық жұмысы, олардың жеке мүмкіндіктерін есепке алынуы сипатталған.

Сонымен қатар, «Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжіндегі кәсіптік инклюзивті білім берудің тәжірибесі және болашағы» атты тақырыпта Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжінің оқу тәжірибелік жұмыс бойынша директордың орынбасары Садирова Назира Уалиханқызы сөз сөйледі. Ол колледждегі инклюзивті білім берудің дамуы, ағымдағы жұмысы, болашағы жөнінде толық ақпаратты берді. Сөзін қорытындылай келе, Садирова Назира Уалиханқызы қоғамда бейімделуден және әлеуметтенуден өткен колледждің бұрынғы түлектерін шақырды.

Колледждің инклюзивті топтарының түлектері денсаулықтарына қарамастан 2 жылдан 12 жылға дейін жұмыс өтілдері бар қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қызмет ететіндіктерін өздерінің үлгілерінде көрсетті. Түлектердің бір бөлігі өздерінің ЖК ашса, кейбіреулері колледждің әлеуметтік серіктестері болып табылады.

Баяндамашылар сөз сөйлегеннен кейін семинардың қатысушылары Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжі оқытушыларының теориялық және тәжірибелік сабақтарына қатысты. Сабақ қорытындысы бойынша оқытушылар семинар қатысушыларымен өзін-өзі талдау және қатысқан сабақтардың талдауын өткізді.

Семинардың соңында Алматы қ. колледждер қауымдастығының президенті Азисханов Жантілеу Нұршаұлы ұсыныстары мен сауалдарын қойды. Республикалық семинардың қорытындысы шығарылып, шешімі қабылданды.

Семинар қатысушыларына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттері дайындаған концерттік бағдарлама көрсетілді. Есту қабілеті бұзылған балаларыммен ән салды, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балалар флешмоб ұйымдастырды.

Семинардың қорытындысы бойынша Алматы мемлекеттік технология және флористика колледжін ТжКБ жүйесіндегі инклюзивті білім беру проблемалары және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттерді әлеуметтендіру, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға арналған біліктіліктер бойынша бейімделген жұмыс оқу жоспарын әзірлеуге бірыңғай әдістемелік ұсынымдарды құру, көмекші қызметкерлерді (сурдоаудармашы, дефектолог, психиатор, инклюзивті білім беру әдіскері) енгізу, ТжКБ ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттер болған жағдайда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғаларға арналған ТжКБ жүйесінің қолжетімділігі үшін бірқатар нормативті-құқықтық актілерге өзгертулер енгізу бойынша ОҚО ресурстық орталығы ретінде анықтау ұсынылды.