Posted on

«WorldSkills International халықаралық қозғалысы стандарттарын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесі»

ПРЕСС РЕЛИЗ

Өтетін орны: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 32 шағын ауд., «Yessenov University» университеті

2018 жылғы 02 қараша күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, Маңғыстау облысының білім басқармасы бірлесіп «WorldSkills International халықаралық қозғалысы стандарттарын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне енгізу тәжірибесі» тақырыбындағы республикалық семинар-практикумын өткізеді.

Бұл  шара Елбасының  2018 жылғы 5 қазандағы жолдауының аясында жалпы Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру,  сонымен қатар орта білім беру жүйесінде негізгі тәсілдер белгіленген, қазіргі кезеңде солардың орындалуына баса назар аудару, жастарды аталған салаға тарту, кәсіптік-техникалық білім беру саласына ерекше көңіл бөліп, білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуге тиіс, еңбек нарығына бәсекеге қабілетті техника саласындағы мамандарды даярлау  бағыттарындағы нақты тапсырмаларды іске асыру аясында өткізіліп жатыр.

 

Семинар-практикумның мақсаты:

  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (бұдан әрі-ТжКОБ) оқу процесіне WorldSkills халықаралық қозғалысының стандарттарын бейімдеу және енгізу бойынша үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау;
  • жұмысшы мамандығының беделін арттыру, жастардың заманауи еңбек нарығының талаптарына сай техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі біліммен қамтылуын арттыру.

 

Семинар-практикумның міндеттері:

  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс әдістері мен формаларын жетілдіру бойынша тәжірибе алмасу;
  • оқу процесіне WorldSkills стандарттарын енгізу процесінің негізгі аспектілері бойынша облыстың ТжКОБ ұйымдарының педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби дамуы;
  • халықаралық стандарттарға сәйкес ТжКОБ бағдарламаларын жаңғырту тәжірибесімен бөлісу;
  • аймақтық еңбек ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға мүмкіндік беретін түрлі салалардағы білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер мен қоғам арасындағы өзара әрекеттесудің тиімді нысандарын іздеу және талқылау.

Семинардың күтілетін нәтижелері:

– кадрларды даярлаудың инновациялық нысандарын енгізу және іске асыру тәжірибесін жинақтау;

– кадрларды кәсіби даярлаудың үздік халықаралық практикасымен ТжКБ жүйесін интеграциялау мүмкіндіктерін зерттеу;

– өңірлік және Ұлттық чемпионаттарды ұйымдастыру, чемпионатқа сарапшылар дайындау және чемпионаттарды өткізу сапасын жақсарту мақсатында құзыреттер тізбесін кеңейту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.

 

Қатысушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері, «WorldSkills Aktau» өңірлік чемпионатын өткізу және ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Сәкеев руслан Кенесарыұлы, облыстық Мәслихаттың депутаттары, Республика бойынша техникалық делегаттар, Қостанай, Ақтөбе және Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының білім беру саласының өкілдері, Белоцкая Ольга Михайловна – халықаралық сарапшы IT технологиялар бойынша Беларусь Республикасы, Андрей Крюков «Электроника» құзыреттілігі бойынша сарапшы, Ресей Федерациясы, Облыстық басқарма басшылары, Адильханов Серікхан Саметұлы – «Аспаз ісі» бойынша халықаралық сарапшы, Маңғыстау облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, әлеуметтік серіктестер және облысымыздың ірі кәсіпорындарының басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары, мамандары, сарапшылар және демеушілер.