Posted on

Техникалық және кәсіптік білім беру саласында инновациялық технологияларды еңгізу үшін өткізілетін курстардың алатын орны

Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту, сөзсіз, экономикалық және әлеуметтік өсуге ықпал етеді және еңбек нарығының және оның жеке қатысушыларының талаптарын қанағаттандыруда маңызды рөл атқарады. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше рет атап өткендей, білім мен кәсіби дағдылар – кадрларды даярлауда және қайта даярлауда заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағыттары болып табылады. Экономиканың қарқынды жаңғыруы және күшейуі заманауи біліктілігі мен дағдысы  бар  жоғарғы дәрежелі мамандарға сұраныс тудырды.

Басқаша айтқанда, қажетті құзіреттілікке ие болу үшін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушыларға қажетті құзіреттілікті алу үшін үздіксіз оқуды ұйымдастыра отырып, оларды тұрақты түрде қайта даярлау курстарынан өткізіп отыру қажет. 2018 жылдың мамыр – қазан айларының аралығында «Қәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ң Кәсіби білім беру орталығы республикалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 3500 оқытушыларын біліктілікті арттыру курстарынан өткізді. Курстар 16 өзекті тақырыптарды  қамтиды. Екі апта ішінде инженерлік педагогикалық қызметкерлер мен жетекшілер арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін, критериалды бағалау әдістерін, жаңартылған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын меңгере отырп, IT-дамыту, қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын еңгізу және инклюзиті білім беру әдістемелерімен таныс болады. Бұл курстардың тағы бір ерекшелігі, алғаш рет өндірістік оқыту шеберлері өздерінің педагогикалық дағдыларын жетілдіре алады. Аталған  қайта даярлау курстары интерактивті режимде жүргізіледі, ол оқытушыларға тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді талқылай отырып шешуге және жетістіктерімен бөлісуге мүмкіндік береді.