Posted on

«Аграрлық секторға мамандар даярлауда модульді-құзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларының тиімділігі» тақырыбындағы семинар

2018 жылдың қазан айының 6 күні Шымкент аграрлық колледжінің базасында  «Ұлттық Жоспардың» 77 қадамын іске асыру шеңберінде аймақтың колледждері үшін оң тәжірибені тарату мақсатында, «Аграрлық секторға мамандар даярлауда модульді-құзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларының тиімділігі» тақырыбында  аймақтық семинар өтті.

Іс-шара барысында ТжКБ ұйымдарында нәтижелі оқуды ұйымдастыру және жоғары сапалы мамандарды дайындау барысындағы озық тәжірибелер талқыланды.

ТжКБ жүйесіне енгізілетін модульдік оқытудың технологиясы студенттерді жұмысқа орналастыруда көп оң нәтижелер әкеледі және жұмыссыздық проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Бір немесе бірнеше біліктілігі бар адам бірнеше жыл бойы білім алуға және басқа мамандық бойынша біліктілікті алу үшін қайта дайындықтан өтуге қажеттілігі жоқ. Ол аталған біліктілікті қысқа мерзімде алып, жұмысқа орналаса алады.


Оқытудың модульдік технологиясы – үздіксіз білімді қамтамасыз ететін икемді жүйе, ең бастысы оқытушы да, білім алушы да оқыту нәтижесіне нақты бағытталған.
Аймақтық семинарға Түркістан облысының білім басқармасының басшысы Сағындықов Исатай Өмірзақұлы, оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін Германиядан келген Dr. Peter Robert Christ, «Кәсіпқор «Холдинг» КеАҚ-ның өкілдері, Жамбыл, Түркістан облысы бойынша ауыл шаруашылық саласына мамандар дайындайтын колледждерден директор орынбасарлары мен әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары қатысты.

Аймақтық семинарды Түркістан облысының білім басқармасының басшысы

Сағындықов Исатай Өмірзақұлы  ашты.

«Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ -ның штаттан тыс тренерлері

  Мамандар даярлауда модульдік-құзыреттілікке негізделген оқу бағдарламаларының тиімділігі жөнінде келесі қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті:

-Раманкулова Г.-  арнайы пән оқытушысы, «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ-ның щтаттан тыс тренері, «Модульдік – құзыреттілік тәсілдемеге негізделген жұмыс оқу жоспарын және бағдарламаларын әзірлеу әдістемесі»

-Аманкулова Б.- арнайы пән оқытушысы, «Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ-ның щтаттан тыс тренері, «Модульдік оқыту кезінде өндірістік тәжірибені ұйымдастыру әдістемесі »

-Эшанкулов А.-оқу бөлімінің меңгерушісі, «Модульдік оқу бағдарламалары боцынша сабақ кестесін құрастыру әдістемесі»

-Оспанова Н-оқу-әдістемелік бірлестігінің әдіскері, «Модульдік оқыту боцынша ОЖБ, ПТЖ мен сабақ жоспарын түзу әдістемесі»

Семинар барысында қатысушылар сұрақтар қойды және  оларға толыққанды жауаптар берілді.

Семинарға қатысушылардың айтуынша, мұндай кездесулер ТжКБ жүйесін  дамыту үшін қажет.