Posted on

Еуропалық білім қорымен ұйымдастырылған Шығыс әріптес-елдердің кәсіптік білімде жұмыс орнында оқыту бойынша Аймақтық форумға қатысу

2018 жылдың 9 мен 11 қазан аралығында Лопота қаласында (Грузия) Еуропалық білім қорымен ұйымдастырылған Шығыс әріптес-елдердің жұмыс орнында оқыту бойынша Аймақтық форумға «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ның Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Бимендина Асима Темкенқызы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбекқызы қатысты.

Форум Еуропа Одақтың мүшелері мен оның мүшелері болып табылмайтын елдер арасында тәжірибе алмасу форматында өтті.

Оспанова Н.Ж.  Қазақстанда ТжКБ ұйымдарында кадрларды  жұмыс орнында оқыту принциптерін қолдану арқылы даярлау тәжірибесімен бөлісті, сонымен қатар  осы саладағы Армения, Молдова, Әзірбайжан, Грузия, және Тәжікстан елдерінің тәжірибелері зерделенді.

Форум аясында Еуропалық білім қорының сарапшысы Дидье Гелиберт  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы жұмыс орнында оқытудың 9 бағыты бойынша әзірленген модулдік бағдарлама бойынша семинар өткізді.

  1. Жұмыс орнында оқыту дегеніміз не?
  2. Жұмысқа дайындық қаншалықты маңызды?
  3. Жұмыс орнында оқытудың маңызды рөлі
  4. Жұмысқа дайындықты қаржыландыру
  5. Таңдау жасау
  6. Жұмыс орнында және оқу орнында оқыту
  7. Жұмысқа дайындық сапасын қамтамасыз ету
  8. Жұмыс орнындағы оқу нәтижелерін бағалау және тану
  9. Жұмыс оқу бағдарламаларын басқару

Сонымен қатар, Еуропалық білім қорымен әзірленген жұмыс орнында оқытуды қаржыландыру туралы нұсқаулықты ұсынды. Бұл нұсқаулықтың ерекшілігі оның барлық кәсіптік білім жүйесіндегі мүдделі тараптарға арналғандығы (білім беру өкілдері, әлеуметтік серіктестер және басқалар).

Еуропалық білім беру қорының сарапшысы Дидье Гелиберт мұндай кездесулер кәсіптік білім жұмыс орнында оқыту бойынша туындайтын мәселелерді шешуге ықпал ететінін атап өтті.