Posted on

Орта Азия мен Еуропалық Одақ жастарының радикализмге тұрақтылығы мен әлеуметтік интеграцияға қолдау көрсетудегі білімнің рөлі

2018 жылдың 10 – 11 қазан аралығында  Ташкент қаласында (Өзбекстан)  Орталық Азияның білім беру платформасы  «Орта Азия мен Еуропалық Одақтағы жастарының радикализмге тұрақтылығы мен  әлеуметтік интеграцияға қолдау көрсетудегі білімнің рөлі» тақырыбында аймақтық семинар өткізді.

Семинарға Қазақстаннан келесі қызметкерлер қатысты:

Уатаева Ляззат, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Департаментінің стратегия, мониторинг және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы;

Шохаев Олжас, ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаментінің білім берудің әдіснамасы және мазмұны департаментінің сарапшысы;

Зарина Чикиябаева, ҚР БҒМ Болон процесі орталығы мен академиялық ұтқырлық бөлімінің талдау және әдіснама бөлімінің басшысы;

Атыбай Болат, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президентінің кеңесшісі;

Халиди Сауле, «Кәсіпқор холдингі» КЕАҚ стратегиялық даму және мониторинг басқармасының бас менеджері.

Мақсаты:

Жоғары білім беру  мен   кәсіптік білім беру және оқыту салаларына  фокусталған «Орта Азия мен Еуропалық Одақтағы жастарының радикализмге тұрақтылығы мен  әлеуметтік интеграцияға қолдау көрсетудегі білімнің рөлі» тақырыбындағы  семинар аймақтық және аймақаралық саяси диалогты келесілер арқылы дамытуға бағытталған:

  1. Аймақтық контекст бойынша жаңартылған ақпарат беру және білім беру мен оқытудың мазмұны мен сапасының байланысы, жастарды тарту және экстремизм мен радикалдандыруға қарсы тұру проблемалары жайлы;
  2. Жастардың қоғамға интеграциялануын, жұмыс істеуін және сыртқы теріс факторлардың орнықтылығын қолдауда бейресми білім берудің және қауымдастыққа негізделген тәсілдердің рөлін ерекше атап өту;
  3. Білім беру саясаты мен үкімет қызметі  білім жүйесінде мақсатты инклюзивті көзқарасты қалай қолдайтынын талқылау;
  4. Осы мәселе бойынша өңірлік ынтымақтастықтың артықшылықтарына көңіл аудара отырып, аймақтық деңгейде, сондай-ақ Еуропалық Одақ пен Орталық Азия елдерінің арасындағы озық тәжірибені алмасуға жәрдемдесу.

Мүдделі тараптар (стейкхолдерлер):

  • Орталық Азия елдерінің Білім, еңбек Министрліктері
  • Жоғары оқу орындары мен ТжКБ ұйымдарының өкілдері
  • Жастар мен студенттер (оқушылар) бірлестіктерінің өкілдері
  • Әлеуметтік жағынан осал жастармен жұмыс істейтін бейресми және қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері, сондай-ақ діни қайраткерлер («Махалла» қоры)
  • ЕО тың және ЕО-қа мүше мемлекеттердің өкілдері
  • Жастар интеграциясы мен тұрақтылық тақырыбын талқылауға белсене қатысатын ЮНЕСКО, «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы», Дүниежүзілік банк, Азия Даму Банкінің өкілдері.

10 қазанда «Жоғары білім беру мен кәсіптік оқыту және оқытудағы гендерлік теңдік» вебинары өткізілді.

11 қазанда «Орта Азия мен Еуропалық Одақтағы жастарының радикализмге тұрақтылығы мен  әлеуметтік интеграцияға қолдау көрсетудегі білімнің рөлі» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді. Түстен кейін екі жұмыс сессиясы өткізілді.

1 сессия: Жастардың интеграциялануын, тұрақтылығын және жұмыспен қамтылуын қолдаудағы  жергілікті қауымдастықтың жұмысына негізделген бейресми білім беру мен тәсілдер.

2-ші сессия: Жоғары білім беру мен ТжКБ-да тең қолжетімділік, сәттілік және сапа.

              Бұл сессияда Қазақстаннан келген делегация Зарина Чикибаева, Сәуле Халиди, Ляззат Уатаева және Болат Атыбай «Қазақстандағы білім беру жүйесін дамыту: білім беру жүйесі мен үрдістер, қолжетімділік, сапаны қамтамасыз ету, әлеуметтік өлшем, Рухани жаңғыру, радикалдау, экстремизм» тақырыбында баяндама жасады.Сессияның қортындысында жоғары білім беру мен ТжКБ саласындағы әлеуметтік интеграцияны насихаттау мақсатында пікірталастар, талқылаулар болып, ұсынымдар берілді.