Posted on

«Қазақстандағы Туриндік процесі»зерттеу жұмысы аясында Қызылорда облысынының техникалық және кәсіптік білім жүйесінің саясатына талдау

«Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ   «Қазақстандағы Туриндік  процесі» зерттеу жұмысы аясында 2018 жылдың 1 – 3 қазан  аралығында М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде іс-шаралар  ұйымдасытырып өткізді.

Ағымдағы жылғы 1 қазанда зерттеудің жұмыс тобы (Білім басқармасы,  Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, Статистика департтаменті өкілдері), НұрОтан партиясы облыстық филиалы, өңірдің ТжКБ директорлар Кеңесінің өкілдері және колледж директорларымен зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиек сұрақтары мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау және талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында  М. Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің директоры Б. Сайлыбаев колледжішілік әзірленген E-college электрондық бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламаның артықшылығы-түлекттерді колледжге қабылдау кезіндегі айқындылығы.

Ағымдағы жылғы 2 қазанда мүдделі тараптармен (білім беру басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасының, жастар саясаты мәселелері басқармасының,  статискиа департаментінің,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының  және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж директорлары, директор орынбасарлары, оқытушылар, өндірістік оқытушылар шебері және әлеуметтік педагог)   ТжКБ жүйесінің маңызды сұрақтары мен енгізілег жобалар бойынша семинар өткізілді. Семинар зерттеудің аналиткалық шеңбері аясында топтық жұмыс түрінде жүргізілді. Аналитикалық шеңберде  келесі бөлімдер мен сұрақтар қарастырылған:

  1. «А» бөлімі «ТжКБ жүйесіне шолу. Басқару мен қаржыландыру». Бұл топтың қатысушылары заңнама сұрақтары және оның ТжКБ жүйесіне әсерін, сонымен қатар өңірдің ТжКБ жүйесіндегі стратегиялық бағыттарын Қызылорда облысының білім басқармасы өкілдері мен колледж директорлары талқылады.
  2. «В» бөлімінде Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ж. Скакова, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ж. Даулетбаева және колледж өкілдері еңбек нарығының ТжКБ бөлімімен әрекеттесуі туралы сұрақтарды қарастырды.
  3. ТжКБ жүйесіндегі ішкі тиімділік, әлеуметтік және инклюзивтік білім беру және еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің тиімділігі мен нәтижелілігі туралы С бөлімі сұрақтарды НұрОтан, Статистика департаментінің өкілдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және әлеуметтік педагогтар талқылады.
  4. D бөлімінің  «ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі» бойынша сұрақтарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Қызылорда  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, облыстық әдістемелік орталықтың әдіскерлері, оқытушылар және өндірістік оқытушы шеберлері талқылады. Жұмыс барысында оқытушы мамандығының артықшылығы, педагог беделі және өмір бойы оқудың механизімі туралы өзекті сұрақтар  талқыланды.

Аудиторияға топтық жұмыс нәтижелері мен қорытындылары жайлы презентациялар флипчарттар арқылы көрсетілді. Семинар барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында 2018 жылдың 21 қыркүйегінде колледждерің әлеуметтік серіктестіктерімен, жұмыс берушілерімен, директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен,  «Кәсіпкерлікті  дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар, кездесулер өткізілді.