Posted on

«Қолданбалы бакалавриатты енгізу ерекшеліктері: мәселелері мен шешу жолдары» аймақтық семинар -практикум

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды енгізу мен іске асыру бойынша тәжірибе жинақтау үшін өңірлік деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау аясында  «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2018 жылдың 21 қыркүйегінде «Жамбыл политехникалық  жоғары колледжі» МКҚК базасында «Қолданбалы бакалавриатты енгізу ерекшеліктері: мәселелері мен шешу жолдары» атты аймақтық  семинар-практикум өткізді.

Семинардың  мақсаты: қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және  әлеуметтік серіктестіктің рөлін ескере отырып бизнес пен білім беру мүдделерін біріктіру арқылы проблемалық мәселелерді шешудегі қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын тиімді іске асыруға ықпал ететін тетіктерді пайдалану.

Семинарды өткізу Жамбыл облысы ТжКБ ұйымдарының қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын одан әрі енгізуге және іске асыруға ықпал етті.

«Қолданбалы бакалавриатты енгізу ерекшеліктері: проблемалары мен шешу жолдары»  тақырыбындағы семинардың өзектілігі  Жамбыл облысынан басқа, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент және Қостанай қалаларынан қатысушылардың қызығушылықтарын оятты. Семинар жұмысына  Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының білім басқармалары мен білім беру ұйымдарының өкілдері, «Кәсіпқор «Холдингі» КЕАҚ серіктестік ұйымдарының, қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізетін колледждер мен жоғары оқу орындарының өкілдері, барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Семинар барысында келесі сұрақтар қаралып, талқыланды:

– Қазақстан Республикасында қолданбалы бакалавриатты енгізу процесінің тұжырымдамалық тәсілдері және әдістемелік қамтамасыз етілуі;

«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК-да қолданбалы бакалавриатты енгізу перспективасы;

– Қазақстанның жоғары медициналық колледждерінде FUAS және JAMK (Финляндия) сарапшыларының қатысуымен «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриатты әзірлеу және енгізу тәжірибесі;

– тәжірибелік-бағытталған білім – қолданбалы бакалавриат тиімділігінің кепілі;

– «Кәсіптік білім берудегі Европалық кредиттік жүйе (ECVET) тәжірибесі ТжКБ – қолданбалы бакалавриат – ЖОО білім беру деңгейлері арасындағы оқыту нәтижелеріне көшу құралдарының бірі»

Семинардың секциялық бөлімінде келесі төрт бағыт бойынша сұрақтар қарастырылды:

жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде практикаға бағдарланған қағидатын қамтамасыз ету жолдары  – «жұмыс беруші – колледж – ЖОО» тиімді өзара байланысын қамтамасыз ететін құжаттар пакетінің жобасын әзірлеу»;

–  қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыруда сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін әзірлеу;

– қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды практикада қолдану.

Жұмыс топтарының жетекшілері Холдинг қызметкерлері мен республиканың жоғары колледждерінің педагог қызметкерлері болды.

Аймақтық семинар-практикумға қатысушылар баяндамаларды тыңдап,  талқылап Қазақстан Республикасының колледждерінде қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша айтылған мәселелердің өзектілігін атап өтті.

Семинар жұмысының қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптар үшін өңірде қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізу және іске асыру үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленді.

  1. Колледждерге белсенді түрде ғылыми дәрежесі бар оқытушыларды, магистрлерді, өндірісте мол жұмыс тәжірибесі бар өндірістің инженерлік-техникалық қызметкерлерін қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыруға тарту ұсынылсын.
  2. Қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша колледждер, ЖОО мен жұмыс берушілердің ынтымақтастығы арқылы өңірдің қажеттілігіне сәйкес бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу ұсынылсын.
  3. Оқу үрдісін ұйымдастыру және жұмыс берушілермен тиімді өзара әрекеттесу бойынша қолданбалы бакалавриатты енгізу және енгізу тәжірибесі бар жоғары колледждердің қызметін зерделеу.
  4. ТжКОБ ұйымдарының басшыларын оқу үрдісінде сапа менеджменті жүйесін енгізу негіздері бойынша оқытуды жалғастыру.
  5. Меншік нысанына қарамастан, ТжКОБ ұйымдарының оқытушыларын қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын, оқытудың кредиттік технологиясын әзірлеу және енгізу, оқыту нәтижелерін ескере отырып, сынақ бірліктерін ауыстыру, тьюторлар мен офис-тіркеушілерді даярлау мәселелері бойынша курстық оқытуды жалғастыру.
  6. Кәсіптік білім беруге арналған еуропалық кредиттік жүйе (ECVET) тәжірибесін білім беру деңгейлері арасында оқыту нәтижелеріне көшу құралдарының бірі ретінде зерделеу ұсынылсын: ТжКБ-қолданбалы бакалавриат-ЖОО.
  7. Аккредиттеу агенттіктерінің ұсынымдарына сәйкес аккредиттеу шеңберінде ТжКОБ қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесін әзірлеу жөніндегі мәселені қарастыру ұсынылсын.
  8. Серіктес-кәсіпорындар үшін экономикалық тиімділігі бар білім беру ұйымдарының жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасау тетігінің жұмысын құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру.
  9. Жұмысшылардың Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына сәйкес азаматтардың жұмысшы біліктілігінің 7 және 8-разрядтарын алуы үшін орта білімнен кейінгі білімнің болуы бойынша талаптарды енгізу туралы мәселені қарастыру.
  10. Орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу: білім деңгейін ғана емес, кәсіпке бейімділігін анықтау үшін талапкерлерді іріктеу кезінде әңгімелесуді өткізуді көздеу, практикаға бағытталған білім алу үшін әлеуетті мүмкіндіктерді бағалау.
  11. Қолданбалы бакалавриат біліктілігін дайындауға қойылатын талаптарда педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығы) өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.