Posted on

Маңғыстау облысында «Қазақстандағы Туриндік процесі»

«Кәсіпқор» холдингі КЕАҚ   2018 жылдың 24 – 26 қыркүйек  аралығында Маңғыстау политехникалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің саясатына талдау жасау және оның күшті, әлсіз жақтарын анықтау мақсатында «Қазақстандағы Туриндік  процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар өткізді.

2018 жылғы жылдың 24 қыркүйекте зерттеудің жұмыс тобымен (білім басқармасы,  жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, статистика департаменті өкілдері) және өңірдің ТжКБ директорлар Кеңесінің өкілдерімен зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиегі мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау және талқылау бойынша кездесу өткізілді. Кездесуде өңірдің ТжКБ жүйесінің жағдайы мен проблемалық зоналары талқыланды. Өңірдегі негізгі проблемалардың бірі – ерекше білімді қажет ететін студенттерді оқыту.

Маңғыстау облысында 2018 жылы бірінші рет инклюзивті топ Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде ашылды. Осы бағыт бойынша колледж   директоры Ө. Қайырбаев атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде мүдделі тараптармен  семинар өткізілді. Семинар қатысушылары: білім басқармасының, жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасының,  статистика департаментінің,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Маңғыстау  облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, «Нұр Отан» партиясының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж басшылары, басшы орынбасарлары, оқытушылар, өндірістік оқытушылар шебері және әлеуметтік педагог.  Семинарға қатысушылар зерттеудің аналитикалық жиегі аясында жұмыс жасады. Аналитикалық жиекте келесі бөлімдер қарастырылған:

  1. ТжКБ жүйесіне шолу. Басқару мен қаржыландыру;
  2. Экономикалық прогреске арналған ТжКБ  жүйелерінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
  3. ТжКБ жүйесіндегі ішкі тиімділік, әлеуметтік және инклюзивтік білім беру және еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
  4. ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі.

Әр бөлімде ТжКБ саласының келесі стратегиялық бағыттары қарастырылған: еңбек нарығы мен білім беру қызметінің әрекеттесуі, әлеуметтік инклюзия мен өңірдегі демографиялық жағдай, ТжКБ мәртебесі мен тартымдылығын арттыру, студенттер арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту,  сандық жүйеге көшу, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту және т.б. Семинар топтық жұмыс түрінде жүргізілді. Топтық жұмыс барысында өңірлік ТжКБ жүйесінің оң жақтары, проблемалары және олардың шешімдері қарастырылды.

ТжКБ бөлімінің бас маманы А. Төлеуов мемлекеттік-жеке серіктестік тарапынан өңірдегі колледждерді  жатақханамен қамтамасыз ету, колледждерде «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» факультатив курсын өткізу, «Баршаға ТжКБ тегін беру» жобасының жүргізілу туралы айтып өтті. Аудиторияға топтық жұмыс нәтижелері мен қорытындылары презентациялар арқылы көрсетілді. Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.

Өңірдегі ТжКБ жүйесі еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлауда қандай дағдыларды дамыту керек екендігін айқындау мақсатында                                                2018 жылдың 26 қыркүйегінде жұмыс берушілерімен кездесу жүргізілді. Кездесуге «Қазақтелеком», «Қазақстан темір жолы», «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» және де басқа кәсіпорындар мен мекемелер қатысты.  Іс-шара барысында колледждерде арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту, сандық жүйеге көшу, «ІТ-құзыреттілікті дамыту», студенттердің кәсіптік дағыларын дамыту проблемалары қарастырылды.

Осы күннің екінші жартысында дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен,  «Кәсіпкерлікті  дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар өткізілді. Фокус-топтарды өткізу барысында әрбір қатысушының пікірі тындалды.