Posted on

«Қолданбалы бакалавриатты енгізу ерекшеліктері: мәселелері мен шешу жолдары» атты өңірлік семинар-практикум

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды енгізу мен іске асыру бойынша тәжірибе жинақтау үшін өңірлік деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау аясында  «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ 2018 жылдың 21 қыркүйегінде «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МКҚК базасында «Қолданбалы бакалавриатты енгізу ерекшеліктері: мәселелері мен шешу жолдары» атты өңірлік семинар-практикумын өткізу жоспарлауда.

Өңірлік семинардың мақсаты: Қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша және әлеуметтік серіктестіктің рөлін ескере отырып бизнес пен білім беру мүдделерін біріктіру арқылы проблемалық мәселелерді шешудегі қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын тиімді іске асыруға ықпал ететін тетіктерді пайдалану бойынша озық педагогикалық тәжірибені жинақтау.

Семинар ТжКОБ ұйымдарының қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын енгізу және іске асыруға мүмкіндік береді.

Семинар-практикумның жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Білім беру басқармалары, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын енгізетін ТжКОБ ұйымдары және Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының, Алматы мен Шымкент қалаларының колледждері мен жоғары білім беру орындары, сонымен қатар «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ серіктес ұйымдары қатысады.

Пленарлық жұмыс барысында семинарға қатысушылар төмендегі мәселелерді қарастырып, талқылайды:

– Қазақстан Республикасында қолданбалы бакалавриат бағдарламасын енгізу процесінде тұжырымдамалық тәсілдері мен әдістемесін қамтамасыз ету.

– «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» МҚКК қолданбалы бакалавриатты енгізу перспективасы.

– Қазақстанның жоғары медициналық колледждерінде «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша FUAS және JAMK (Финляндия) сарапшыларының қатысуымен қолданбалы бакалавриатты енгізу тәжірибесі.

– «Қолданбалы бакалавриатың тиімділік кепілі – практикалық бағдарланған білім».

– Кәсіптік білім беруге арналған Еуропалық кредиттік жүйе (ECVET) тәжірибесі ТжКБ-қолданбалы бакалавриат-ЖОО білім беру деңгейлері арасында оқыту нәтижелеріне өту құралдарының бірі ретінде.

Семинардың секциялық бөлімі төрт бағыт бойынша өткізіледі:

– жұмыс берушінің талаптарын ескере отырып, қолданбалы бакалавриаттың интеграцияланған бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру кезінде практикаға бағдарлану қағидатын қамтамасыз ету жолдары;

– «жұмыс беруші-колледж-ЖОО» арасындағы тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін құжаттар пакетінің жобасын әзірлеу;

– қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде сапаны қамтамасыз ететін ішкі жүйені әзірлеу;

– қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдарды тәжірибеде пайдалану.

Жұмыс тобы жетекшілері ретінде «Кәсіпқор» Холдингі» қызметкерлері, КЕМ «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің» сарапшысы, Холдингтің базалық колледждерінің басшылары мен педагог қызметкерлері болады.

Конференция қорытындысы бойынша қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламаларының өнделген ұсыныстары ТжКОБ ұйымдарына енгізу мен жүзеге асырудың тиімділігін арттыруға бағытталады.