Posted on

Еуропалық Білім қорына іс-сапар

2018 жылдың 19-24 тамыз аралығында «Кәсіқор» Холдингі өкілдері «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеу жұмысын ұйымдастырып жүргізу сұрақтары бойынша әдістемелік қолдау және осы бағыт бойынша басқа да елдердің озық тәжірбиесін зерделеу мен зерттеу мақсатында Еуропалық Білім Қорына  (Турин, Италия) іс-сапар жасады.

«Кәсіпқор» Холдингі өкілдерінің жұмыс  сапары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясындағы 2018 жылғы 23 мамырындағы № 43 / ГЗ келісіміне сәйкес жүргізілді.

Холдингтің қызметкерлері Еуропалық Білім қорының өкілдеріне «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеу жұмысын жүзеге асыру механизмін ұсынды. Жұмыс барысында зерттеудің оң аспектілері мен проблемалық бағыттары, алынған ұсыныстарды іске асыру және 2019-2021 жылдарға арналған жоспарлар талқыланды.

Еуропалық Білім қорының бас сарапшылары (Михайл Милованович, Кристин Хемшемайер) «Қазақстандағы Туриндік процесі» аясында аналитикалық есепті блоктар бойынша әзірлеу мен  ұсыныстарды дайындау бойынша кеңестерін берді.

Кездеу аясында Қазақстандағы маңызды бағыттар бойынша Еуропалық Білім қорының өкілдері зерттеу жұмысына қатысушы басқа елдердің озық тәжірбиелерімен бөлісті:

– Басқару және қаржы

– Сандық құзыреттілік және оқыту

– EQAVET Еуропалық сапа кепілдігі негіздерінің компоненттері: жалпы сапа критерийлері (жоспарлау циклы, енгізу, бағалау, сыни шолу) және он көрсеткіш жиынтығы

– Көп деңгейлі басқару (Жеке серіктестікті құру)

–  NEET жастарымен жұмыс

– Жұмыс орнында оқыту. Шағын және орта бизнеспен жұмыс

– Қызметкерлерге ұзақ мерзімді сұранысты болжау (жүйелі тәсіл)

– Өмір бойы оқыту (оқытушылармен жұмыс)

Қазақстан бойынша зерттеудің үйлестірушісі Кристин Хемшемайермен есептіқ және сапалық талдау негізінде ұсыныстардыңың жобасы талқыланды.

Сондай-ақ, «Кәсіпқор» Холдингісінің стратегиялық даму және мониторинг басқармасының басшысы Тәтібеков Санжар Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту сұрақтары бойынша «ETF» журналына сұхбат берді