Posted on

Семинар в рамках разработки специальных учебных программ

«Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар тұрмыстық қызмет көрсету, тағам өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жұмыс істей алады. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады» (Қазақстан халқына Жолдауы 17.01.2014ж.).
Н.А. Назарбаев.

 

2018 жылғы 21-22 маусымында Астана қаласында «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ы модульдік-құзыреттілік тәсілі негізінде аурудың дәрежесіне байланысты (жеңіл және орташа) ақыл-ой кемтарлығы бар тұлғалармен жұмыс біліктіліктерін меңгеру бойынша арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде семинар өткізді. Семинарға 50 адам көлемінде Холдинг қызметкерлері, Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан келген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, жұмыс берушілері қатысты.

Семинар жұмысы «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ы Төрағасының Орынбасары Ә.Т. Бимендинамен техникалық және кәсіптік білім жүйесінде ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдар үшін, нақты айтқанда ақыл-ой кемтарлығы (жеңіл және орташа дәрежелі) бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу жұмысының маңыздылығы мен өзектілігі туралы сөздерімен ашылды.

Бимендина Әсима Тимкенқызы қатысушыларға Қазақстан Республикасы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жүйесін дамыту мен жетілдіруде «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ы қызметінің негізгі бағыттары туралы айтты. Сонымен қатар, Холдингтің 2017 жылдан бастап ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғаларды оқыту бойынша жасалған жұмысы туралы, әзірленген ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша Әдістемелік ұсынымдар және «Тігінші» біліктілігі бойынша арнайы оқу бағдарламасының жобасы туралы айтқан болатын.

Далабаев Жанат Қуанышұлы, Холдингтің ТжКОБКББ мазмұны және дамыту Басқармасының Бастығы «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу Әдістемесі» тақырыбына сөз сөйледі. Баяндама барысында Ж.Қ. Далабаевпен Әдістемелік ұсынымдар, «Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес дамуында шектеулі мүмкіндіктері бар балалар дәрежелері туралы, сонымен қатар аурудың дәрежесіне байланысты (жеңіл және орташа) ақыл-ой кемтарлығы бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу ерекшеліктері туралы айтқан болатын. Қатысушыларға оқытудың нормативтік мерзімі 1 жыл 10 ай болатын «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы мен «Тігінші» біліктілігі бойынша ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарлама үлгісі ұсынылды.

Жақыпбекова Әйгерім Жоламанқызы, Холдингтің ТжКОБКББ мазмұны және дамыту Басқармасының бас менеджері өзінің «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы» тақырыбындағы баяндамасында ЕБАҚБ тұлғаларды әртүрлі деңгейлерде білім алудың қазіргі жағдайы; аталған дәреже үшін ТжКБ жүйесінің қолжетімдігі; АХЖ-10 (Аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесінің 10-қайта қаралымы) сәйкес «жеңіл дәрежелі ақыл-ой кемтарлығы» және «орташа дәрежелі ақыл-ой кемтарлығы» ұғымдарын сипаттау; аурудың дәрежелеріне байланысты оқытудың әртүрлі тәсілдерін сипаттау; бірнеше жыл бойы аталған дәрежені оқытуды жүзеге асыратын колледждер жұмыстарының мысалдары туралы баяндады, сонымен бірге сарапшылар-оқытушылар мен сарапшылар-жұмыс берушілердің кеңес беру қызметтерінің нәтижелерін көрсетіп, ақыл-парасаты бар тұлғалар және ақыл-ой кемтарлығы бар тұлғаларды оқыту ерекшелігін түсіндірді.

Сөзінің соңында, есту, сөйлеу қабiлетi бұзылған, жүріп-тұру мүшелерiнiң функциялары бұзылған, ақыл-ой кемтарлығы бар,      психикалық дамуы тежелген тұлғаларды оқытуды жүзеге асыратын колледждер туралы видеоматериалдар көрсетілді.

Қойлыбаева Сәуле Айтпекқызы, Холдингтің ТжКОБКББ мазмұны және дамыту Басқармасының бас менеджері сарапшылардың кеңес беру қызметтерінің нәтижелерін тапсыру мерзімдерін сипаттады.

Сұрақтарды талқылаудан кейін, семинар қатысушылары 2 жұмыс топтарына бөлінді, онда Шарипова Қ.Қ., Қойлыбаева С.А., Еставлетова А.А., Жақыпбекова Ә.Ж., Далабаев Ж.Қ., Сарин Б.А. – Холдинг қызметкерлері мамандықтар мен біліктіліктерді ескере отырып, жұмыс берушілер мен оқытушылардың барлық толтыратын формаларын айқын қайта қарауымен әдістемелік көмек көрсетті.