Posted on

Павлодар облысында «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерртеу жұмысын жүргізу

«Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ   2018 жылдың 19 – 22 маусым  аралығында Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде техникалық және кәсіптік білім жүйесінің саясатына талдау жасау және оның күшті және әлсіз жақтарын анықтау мақсатында «Қазақстандағы Туриндік  процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар өткізді.

Ағымдағы жылдың 19 маусымда зерттеудің жұмыс тобымен (Білім басқармасы,  Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, Статистика департтаменті өкілдерімен және колледж басшыларының орынбасарлары) және өңірдің техникалық және кәсіптік білім беру Басшыларының Кеңесімен 2018 жылда жүргізілетін  зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиегі мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау және талқылау бойынша кездесу өткізілді. Сонымен қатар, кездесу барысында іс-шараны ұйымдастырып өткізу кезеңдері қарастырылды.

Сол күннің екінші жартысында өңірлік кәсіпкерлер палатасының, шағын, орта және үлкен кәсіпкерлер өкілдерімен және колледждің әлеуметтік серіктестіктерімен диалог өткізілді. Диалог барысында студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін білетін және IT-құзыреттілікті меңгерген мамандардың қажеттілігі және сандық жүйеге көшу бойынша сұрақтар талқыланды.

Ағымдағы жылдың 20 маусымында мүдделі тараптармен (білім басқармасының, Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасының, статискиа департаментінің,  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, «Нұр Отан» партиясының және өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, колледж басшылары, басшы орынбасарлары, оқытушылар, өндірістік оқытушылар шебері және әлеуметтік педагог) семинар өткізілді. Семинарға қатысушылар зерттеудің аналиткалық шеңбері аясында жұмыс жасады.

  1. ТжКБ жүйесіне шолу. Басқару мен қаржыландыру;
  2. Экономикалық прогреске арналған ТжКБ  жүйелерінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
  3. ТжКБ жүйесіндегі ішкі тиімділік, әлеуметтік және инклюзивтік білім беру және еңбек нарығымен өзара әрекеттесуінің тиімділігі мен нәтижелілігі;
  4. ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі.

Әр бөлімде ТжКБ қызметінің келесі стратегиялық бағыттары қарастырылған: Олар: еңбек нарығы мен білім беру қызметінің әрекеттесуі, әлеуметтік инклюзия мен өңірдегі демографиялық жағдай, ТжКБ мәртебесі мен тартымдылығын арттыру, студенттер арасында кәсіпкерлік дағдыларды дамыту,  сандық жүйеге көшу, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту және т.б. Аудиторияға топтық жұмыс нәтижелері мен қорытындылары жайлы презентациялар флипчарттар арқылы көрсетілді.

Семинардың қорытындысы бойынша өңірлік ТжКБ жүйесінің оң жақтары, проблемалары және олардың шешімдері қарастырылды. Семинар барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

Дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен,  «Кәсіпкерлікті  дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар жұмысы өткізілді.