Posted on

Туриндік процесс: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің сыртқы және ішкі тиімділігін бағалау.

2018 жылғы  20-22 маусым аралығында Орал қаласының  Батыс Қазақстан өндірістік колледжінде «Қазақстандағы Туриндік  процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

20 маусымда  жұмыс тобымен (Білім басқармасы,  Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, Статистика департтаменті өкілдерімен және колледж директорының орынбасарлары) 2018 жылда жүргізілетін  зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық шеңбері мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау бойынша талқылау кездесу өткізілді.

Келесі кездесу шағын, орта және үлкен кәсіпкерлер мен аймақтық палатаның өкілдерімен диалог өткізілді. Диалог барысында студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін білетін және  IT-құзыреттілікті меңгерген мамандардың қажеттілігі және сандық жүйеге көшу бойынша сұрақтар талқыланды.

21  маусымда мүдделі тараптармен семинар өткізілді. Семинарға  қатысушылар техникалық және кәсіптік білім  саласындағы білім беру саясаты, аймақтағы білім беру жүйесі мен еңбек нарығының өзара әрекеттесуі, техникалық және кәсіптік білім жүйесінің ішкі тиімділігі, әлеуметтік инклюзия, техникалық және кәсіптік білім мәртебесін және тартымдылығын арттыру, мемлекеттік – жеке меншіктік әріптестік және техникалық және кәсіптік білім ұйымдарының автономдылығы бойынша сұрақтар қарастырылды.

Семинардың  қатысушыларына сертификаттар берілді.

Семинар аяқталғаннан кейін дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен және қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен фокус-топтар жұмысы өткізілді.

Зерттеудің үшінші күні бітіруші топ студенттерімен кәсіпкерлік және  ағылшын тілінде жүргізілетін арнайы пәндер туралы фокус-топтар жұмысы өткізілді. Келесі фокус –топтың жұмысына «Кәсіпкерлікті  дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушылары қатысты.

Алтыншы фокус-топта оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі директордың орынбасарлары: ағылшын тілінде арнайы пәндерді оқыту, кәсіпкерлік негіздері және цифрлау мәселелері талқыланды.