Posted on

АЙМАҚТЫҚ СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ

Солтүстік Қазақстан облысында 2018 жылы 15 маусымда Солтүстік Қазақстан облыстық кәсіптік-педагогикалық колледжде «Практикалық-бағдарлаған тәсілдеме – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру кепілі» тақырыбында аймақтық семинар өткізілді.

Семинар-практикум мақсаты:

– техникалық және кәсіптік ұйымдардың педагогикалық тәжірибе алмасу, практика-бағдарланған оқыту орта білімен  кейінгі негізгі фактор ретінде, болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруды қамтамасыз ету, білікті мамандарды даярлау бойынша қазақстандық және шетел тәжірибелерін қорыту.

Семинар-практикумда Ақмола, Павлодар, Қостанай облыстары, Ресей Федерациясының Омбы және Қорғанынан орта білімнен  кейінгі білім беру техникалық және кәсіби ұйымдар инженерлік-педагогикалық қызметкерлері мен ТжКОБ оқу бөлімдерінің басшылары қатысты.

«Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудағы өңірлік тәжірибесі» көрме-презентациясы дайындалды, колледж фойесінде (мұғалім Мусина Г.К. және колледж оқушылары) фоамиранадан гүл шеберлік классын ұйымдастырды.  Семинардың қонақтары мен қатысушыларын ҚМУ «Өнер-мектеп» – музыкалық және эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған арнайы мектеп-интернат» кешені» (режиссер – Раша Касенева Абуталиповна) қарсы алды.

Жанадаров Нұрдәулет Дәулетбекұлы семинарға қатысушылар мен қонақтарға құттықтау сөз сөйледі, ол тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін жаңғырту процесінде «Кәсіпқор» Холдингі » КЕАҚ-ның негізгі қызметі туралы айтып берді.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы бастығының орынбасары Ткаченко Владимир Сергеевич аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың жай-күйі мен перспективалары туралы айтып, инженерлік-педагогикалық қызметкерлер мен колледж басшыларының біліктілігін арттыру курстарын өткізудің өзектілігін атап өтті.

Өз тәжірибесімен Абильмажин Жеңіс Тулешұлы – «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК директоры «Кәсіптік-педагогикалық колледжде білім сапасын басқарудағы дәстүрлер мен жаңашылдық», «Педагогикалық кадрларды даярлаудағы заманауи тәсілдер» Жанділдин Ерлік Борисұлы – «М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі» КМҚК директоры, «Практикалық-бағдарланған оқыту – бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау мен қалыптастырудың алғышарты» Карабаев Қаиргелді Теміржанұлы – Ақмола облысының Білім басқармасы жанындағы Чаглинка с. «Жоғары агротехникалық колледжі» МКҚК директоры, «Дуалды оқытудың жол картасын жүзеге асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы биліктің бірлескен қызметі туралы» Литвиненко Владимир Викторович – Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы, П.Ғ.К. баяндамалар ерекше қызығушылықпен тыңдалды.

Пленарлық мәжілісте Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі (Абильмажин Жеңіс Тулешұлы директоры) және «Кеңес Одағының Батыры Н.Я.Анфиногенов атындағы Құрған технологиялық колледжі» (Владимир Викторович Букарев директоры) мемлекеттік бюджеттік кәсіптік оқу мекемесі арасындағы ынтымақтастық және бірлесіп қызмет жасау туралы келісімге  қол қойылды.

Түстен кейін секциялық жұмыстар келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1-секция (дөңгелек үстел) – «Оқытудың жаңартылған мазмұнын ескеру арқылы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау туралы»

«Педагогикалық колледждің студенттерінің тәжірибеге бағдарланған оқытуындағы оқу-өндірістік кластердің рөлі» Субботина Марина Александровна – бюджеттік кәсіптік білім беру «№1 Омск педагогикалық колледжі» директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары, «Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнының жаңартылуы: педагог оны қалай іске асырады? Дробышева Любовь Дмитриевна – Ақмола облысы «Көкшетау қ. №1 сервистік-техникалық колледжі» КММ директоры қатысып сөз сөйледі.

2-секция Колледж оқу полигоны (сабақ) – «Дуалды оқыту: тәжірибе, мәселелер және болашағы»

«Электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша «Электрмен жабдықтау және іске қосу жұмыстары» (мұғалім Долгушина Елена Игоревна, бас инженер Феско Виталий Вячеславович – «СКРЭК» АҚ) тақырыбында жаттығу алаңында тәжірибелік сабақ өткізді. Семинар қатысушыларының пікірлері бойынша тәжірибелік сабақ ең жоғары бағаға ие болды. Сондай-ақ, колледж студент-түлегі Фурсов Игорь «СКРЭК» АҚ компанияларында кәсіптік практика өтуден болашақта жұмысқа орналасу» тақырыбында сөз сөйледі.

3-секция – «Инновациялық технологияларды пайдалану болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың шарты ретінде»

«Оқу процесінің практикасында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану» тақырыбында практикалық сабағы (Павилан Айгүл Кадыржанқызы – «М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы), «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша техник-механиктерді дайындау барысында интернет-технологияларын қолдану» (Пашилис Владимир Александрович  «Гуманитарлық-техникалық колледж» МЕОҰ арнайы пәндер оқытушысы, Богунов Кирилл – «Байкен Ашимов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі» КМҚК 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті) инновациялық технологияларды ескере отырып, практикалық сабақтар жүргізілді.

4-секция – «Worldskills – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және даярлау бағыттарының бірі»

Слипецкий Иван Иванович, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша бас сарапшы «Студенттерді Worldskills Чемпионатына даярлау» мастер-класс өткізді. Ақмола облысынан келген әріптестерде сөз сөйледі.

Семинар-практикум қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды, Холдинг семинар дайындау және өткізу бойынша алғыс хаттар табыстады.

Семинардың қатысушылары пікір алмасты және семинарды жақсы ұйымдастыру үшін алғысын білдірді