Posted on

Қолданбалы бакалавриат бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде семинары

       2018 жылдың 11 мен 12 маусымында «Grand  Park  Esyl» мейманхана базасында қолданбалы бакалавриат бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде 2-күндік семинар өткізілді.

         Семинарға «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ының қызметкерлері, ТЖКБ ұйымдарының, ЖОО-ның және жұмыс берушілердің сарапшылары қатысты (барлық қатысушылар – 54 адам).

         Семинар бағдарламасына пленарлық және секциялық бөлімдері енгізілген. Пленарлық бөлімінде келесі баяндамаларымен сөз сөйледі:

– «Қолданбалы бакалавриат бойынша үлгілік жоспарлар және бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі» (Далабаев Ж.Қ. – Холдингтің ТЖКОБКБ мазмұны және даму Басқармасының бастығы);

– «Қолданбалы бакалавриат бойынша үлгілік жоспарлар және бағдарламаларды әзірлеуге байланысты жұмысты ұйымдастыру туралы»  (Қойлыбаева С.А.– Холдингтің ТЖКОБКБ мазмұны және даму Басқармасының бас менеджері);

– «Қолданбалы бакалавриат бойынша үлгілік жоспарлар және бағдарламаларды әзірлеудің негізгі кезеңдері» (Жұмабекова М.О.– Холдингтің ТЖКОБКБ мазмұны және даму Басқармасының бас менеджері).

       Семинардың секциялық бөлімі үш жұмыс топтарында өткізілді. Жұмыс топтарының кураторлары ретінде Холдингтің қызметкерлері болды: Далабаев Ж.Қ., Шәріпова Қ.Қ., Жұмабекова М.О. Қолданбалы бакалавриаттың үлгілік жоспарлар мен бағдарламаларының макеті, кеңес беру қызметтерінің Шартына тиісті техникалық тапсырмалардың формаларын толтыру толығымен қарастырылды, сонымен қатар тектес біліктіліктерді анықтау бойынша жұмыс басталды.