Posted on

Тегін техникалық және кәсіптік білімді енгізу туралы

Парламент Мәжілісінің, қызығушылық артқан министрліктердің мен ведомстволардың, «Атамекен» ҰКП-ның, ұлттық компаниялардың өкілдері, жұмыс берушілер, Холдингтің шетелдік серіктестері мен басқалардың қатысуымен «Қазақстан экономикасы саласы үшін білікті мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды және өткізілді.

Аталған конференцияның басты тапсырмасы – Қазақстан Республикасы ТжКБ беру ұйымдарының оқу процесіне алдыңғы қатардағы үздік педагогикалық тәжірибені ары қарай тарату үшін Холдингтің шетелдік серіктесі – SAIT Polytechnic (Канада) және «Атырау қ. Apec Petrotechnic жоғары колледжі» ЖШС-і арасындағы біріккен жұмысы тәжірибесімен танысу болып табылады.

  1.         Жұмысшы мамандарын даярлаудың басты негізі өзекті оқу әдебиеттері мен оқыту материалдары болып саналады.Бұл мақсатта «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жыл сайын 100 бірлік оқу әдебиеттері мен оқыту құралдарын аудару және пайдалану құқығын алатын болады. Бұл жұмысшы мамандарын даярлаудың заманауи технологиясын есепке алатын базалық оқулықтар.
  2.           Белсенді жұмыс бизнес-қауымдастығымен де жүргізілетін болады. Біз Тегін ТжКБ жобасы бойынша жаңа құзыреттіліктерге және жұмысшы мамандарына деген сұранысты анықтауда еңбек нарығына мониторинг жүргізу сұрақтары бойынша «Атамекен» ҰКП-мен, ірі жұмыс берушілердің ассоциацияларымен және әлеуметтік серіктестермен тығыз қарым-қатынасты орнатудамыз.
  3.          Мектеп оқушыларын жұмысшы мамандығын алуға тарту үшін және жұмысшы біліктілігін алуға қызығушылық артқандарға арнап «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ кәсіптік бағдар беру және карьералық нұсқаулық жүйесін енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруда. 2017 жылы «Мамандықтар әлемі» ақпараттық порталы құрылады. Ол оқушылардың, олардың ата-аналарының, колледждер мен жұмыс берушілердің қызығушылықтарын біріктіретін әлеуметтік бағыты болады.

VII. жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ Қазақстанда WorldSkills халықаралық қозғалысын ілгерілету бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады. Жыл сайын өңірлік, ұлттық чемпионаттар өткізіліп отырады. 45 дейін өткізілетін құзыреттіліктер санын 2021 жылға дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз. Жеңімпаздар Қазақстанды халықаралық аренада танытатын болады.