Posted on

ТЖКБ мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарлар мен бағдарламаларды өзектендіру шеңберінде өткізілген семинар

2018 жылдың 6-7 маусымында Астана қаласында «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ТЖКБ  мамандықтары бойынша үлгілік жоспарлар және         бағдарламаларды өзектендіру бойынша семинар өткізді.

         Семинарға «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ-ының қызметкерлері, ТЖКБ мамандықтары бойынша үлгілік жоспарлар және бағдарламаларды өзектендіру бойынша сарапшылар қатысты. 152 адам қатысқан болатын.

Семинардың бірінші күні төменде көрсетілген сұрақтардың талқылануына арналған:

–        ТЖКБ мамандықтары бойынша үлгілік жоспарлар және бағдарламаларды әзірлеу әдістемесі;

–        ТЖКБ мамандықтары бойынша үлгілік жоспарлар және бағдарламаларды өзектендіруге байланысты жұмысты ұйымдастыру;

–        ТЖКБ мамандықтары бойынша үлгілік жоспарлар және бағдарламаларды өзектендіруінің негізгі кезеңдері.

Екінші күні жұмыс берушілер сарапшылары және оқытушылар сарапшыларының есептік формаларын зерттеуге арналған, сонымен қатар күші бар салалық құжаттардың талдауы жасалды. Семинар жұмысы кураторлармен 7 топта жүзеге асырылды.