Posted on

«Туриндік зерттеу жұмысының индикаторлары мен құралдары» тақырыбы бойынша оқыту семинары

2018 жылғы 4-5 маусымда «Кәсіпқор» Холдингі» КЕАҚ  мен Еуропалық білім беру қорының бас сарапшыларының қатысуымен «Туриндік зерттеу жұмысының индикаторлары мен құралдары» тақырыбы бойынша оқыту семинарын өткізді.

Оқыту семинарына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің өкілдері, Ақмола, Қостанай, Алматы, Батыс-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау,Оңтүстік Қазақстан облыстарының Білім басқармаларының өкілдері, Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамту орталығының өкілдері мен  колледж директорларының орынбасарлары қатысты.

Семинардың бірінші күнінде талдаудың негізгі үш кезеңіне көзделген мәселелерді анықтау, дайын мәліметтерді талдау және ұсыныстарды әзірлеуге арналған  прагматикалық жаттығулар жасалады.

Екінші күні техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы проблемаларды талдауға арналды. Қатысушылар өз өңірлерінің ерекшіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің саясатын зерттеп талдауда бірінші күнде алған білімдері мен дағдыларын қолдануына мүмкіндік берілді.

Жұмыс барысында қатысушылар проблеманың себептерін анықтап, нақты деректерді түсіндіріп, анықталған мәселелерді шешу жолдарын ұсынды (шаралар қабылдау, ұсыныстар әзірлеу).

Әр сессиядан кейін қатысушылар өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша Еуропалық Білім Қорының аға сарапшылары Михаил Милаванович пен Кристин Хемсемайер нәтижелерді қорытындылады және «Қазақстандағы Туриндік процесі» зерттеуі аясында өңірлерде өтетін іс-шараның келесі қадамдарын талқылады.