Posted on

«Тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау, аймақ экономикасының дамуының табысты кілті» тақырыбы бойынша аймақтық семинар-практикум

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы 2018 жылғы 23 мамыр күні «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» КҚМК базасында «Тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау, аймақ экономикасының дамуының табысты кілті» тақырыбы бойынша аймақтық семинар-практикум өткізді.

Аймақтық семинар-практикумның басты мақсаты отандық тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша сұрақтарды жалпылау.

Семинар-практикумға 200 адамнан астам – Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай облыстарының білім беру басқармаларының өкілдері, өңірлердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы мен Аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инновациялық білім беру технологияларын енгізу және іске асыру бойынша тәжірибесі талқыланды: тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген оқу бағдарламаларын және  жоспарларын енгізу, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процессінде пәндік-тілдік интеграцияланған CLIL әдістемесіне және ECVET кәсіптік білім беру үшін кредиттік бірліктер жүйесіне көшу  қарастырылды.

Тау-кен металлургия кешені үшін Риддер аграрлық-техникалық колледжі мен кәсіпорындардың әлеуметтік әріптестігінің оң тәжірибесі қарастырылып талқыланды.

Сонымен қатар, семинар қатысушылары практикалық жұмыстарды орындады. Олар өз әріптестердің озық педагогикалық тәжірибесімен танысуға және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік алды.