Posted on

«Практикалық-бағдарланған тәсілдеме – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың алғышарты» аймақтық семинар-практикумы

Техникалық және кәсіптік, ортабілімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инновациялық технологияларды енгізу және іске асыру бойынша тәжірибе жинақтау үшін және аймақтық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік тапсырманы орындау аясында  «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ     2018 жылы 15 маусым күні КМҚК «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» базасында «Практикалық-бағдарланған тәсілдеме – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру кепілі» атты аймақтық семинар-практикум өткізуді жоспарлап отыр.

Өңірлік семинар-практикумның мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде практикалық-бағдарланған оқыту тәсілдемесін пайдаланудағы табысты педагогикалық тәжірибемен алмасу және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (бұдан әрі – ТжКОБ) жүйесінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері қызметінің тиімділігін арттыру.

Семинар-практикум жұмысына қатысу үшін Ақтөбе, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының білім басқармаларының өкілдері, ТжКОБ бөлімдері мен орталықтарының қызметкерлері, ТжКОБ ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлері, «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалының өкілдері шақырылды.

Семинар-практикумға 200 адам қатысады.

Семинар-практикумның пленарлық отырысында Солтүстік Қазақстан облысының ТжКОБ жүйесін дамыту мәселелерін және Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда пайдаланатын қазіргі заманғы тәсілдерді қарастыру жоспарланып отыр.

Семинар-практикумның екінші бөлігінде практикалық сабақтар мен тақырыптық секцияларда шеберлік сыныптарын өткізу, және агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауда оқытудың дуалды жүйесін ұйымдастыру бойынша ТжКОБ ұйымдарының басшылары, оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық тәжірибесін трансляциялау қарастырылған. Сондай-ақ, студенттердің Worldskills стандарттардың талаптарына сәйкес кәсіби қалыптасу сұрақтарын талқылау жоспарланады.

 

Қосымша ақпаратты www.kasipkor.kz  сайтынан және Кәсіптік білім беру орталығының тренері Баймаганбетова Гульнара Каржасовнамен gulnara.baymaganbetova.63@mail.ru +77751029789, +77021563409 хабарласып білуге болады.