Posted on

Үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізу туралы

7
Мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде ТжКОБКББ мазмұны және дамыту басқармасы жаңартылған үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізіп жатыр. Сарапшылар ретінде бейін бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктері және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ұсынылған жұмыс берушілердің қауымдастықтары мен одақтары қатыстырылған. Олар: «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасы құрылыс саласының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ, «KAZENERGY» Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан химияоық өнеркәсібінің одағы» ЗТБ, «KAZLOGISTICS» көліктік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы» ЗТБ, «Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстан тағам кәсіпорындарының одағы» ЗТБ, «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы» қауымдастығы» ЗТБ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация Холдингі» АҚ,  «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБ, «Қарағанды машинажасау концорциумы» ЖШС, «Тұран-Профи» кәсіби академиясы» мекемесі, «Қазақстанның көгалдандыру қауымдастығы» ЖКжЗТБ, «Жасыл орман» Қазақстан Республикасы орманшаруашылығы мен ағашөндеу ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ, «Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы» ЗТБ,  «Қарағанды ТЖ құтқару қызметі» ЖШС.