Posted on

Астана қаласындағы Туриндік  процесс

2018 жылғы  23-25 мамыр аралығында Астана қаласының Политехникалық колледжінде  «Қазақстандағы Туриндік  процесі» зерттеуінің аясында іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Ағымдағы жылдың 23 мамырында жұмыс тобымен (Білім басқармасы,  Жұмыспен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік қорғау басқармасы, Жұмыспен қамту орталығы, Статистика департтаменті өкілдерімен және колледж директорының орынбасарлары) 2018 жылда жүргізілетін  зерттеудің міндеттері мен мақсаттарын және оның аналитикалық жиегі мен ұстанымдарын, сандық және сапалық ақпараттарды жинау бойынша талқылау кездесу өткізілді.

Сол күннің екінші жартысында шағын, орта және үлкен кәсіпкерлер мен аймақтық палатаның өкілдерімен диалог өткізілді. Диалог барысында студенттердің кәсіпкерлік қабілеттерін дамыту, ағылшын тілін білетін және  IT-құзыреттілікті меңгерген мамандардың қажеттілігі және сандық жүйеге көшу бойынша сұрақтар талқыланды.

Ағымдағы жылдың 24 мамырында мүдделі тараптармен дөңгелек үстел өткізілді. Қатысушылар техникалық және кәсіптік білім(ТжКБ) саласындағы білім беру саясаты, аймақтағы білім беру жүйесі мен еңбек нарығының өзара әрекеттесуі, ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі, әлеуметтік инклюзия, ТжКБ мәртебесін және тартымдылығын арттыру, мемлекеттік – жеке меншіктік әріптестік және ТжКБ ұйымдарының автономдылығы бойынша сұрақтар қарастырылды.

Дәйекті ақпаратты толықтыру мақсатында 25 мамырда директордың оқу – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарларымен, ағылшын тілінде сабақ беретін арнайы пән оқытушыларымен,  «Кәсіпкерлікті  дамыту негіздері» курсын жүргізетін оқытушыларымен, қызметінде IT-технологияларды қолданатын өндірістік оқыту шеберлерімен және колледждің бітіруші курс студенттерімен фокус-топтар жұмысы өткізілді.

Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.