Posted on

«Тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау, аймақ экономикасының дамуының табысты кілті» тақырыбы бойынша аймақтық семинар-практикум

Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші міндетінде «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет» делінген. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ-ы 2018 жылғы 23 мамыр күні «Риддер аграрлық-техникалық колледжі» КҚМК базасында «Тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау, аймақ экономикасының дамуының табысты кілті» тақырыбы бойынша аймақтық семинар-практикум өткізуді жоспарлап отыр.

Аймақтық семинар-практикум отандық тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына инновациялық білім беру технологияларын енгізу бойынша сұрақтарды жалпылау мақсатымен ұйымдастырылып отыр.

Семинар-практикумға қатысу үшін Шығыс-Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Өостанай облыстарының білім басқармаларының өкілдері, өңірлердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлері, «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер платасы мен Аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің өкілдері шақырылды.

Семинар – практикумға 200-ден астам адам қатысады.

Іс-шара бағдарламасы келесі мақсаттарды көздейді: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында инновациялық білім беру технологияларын енгізу және іске асыру бойынша тәжірибесін қорытындылау, сонымен қатар, тау-кен металлургия өнеркәсібі үшін модульдік-құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген  оқу бағдарламаларын және  жоспарларын енгізу, арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту процессінде пәндік-тілдік интеграцияланған CLIL әдістемесіне және ECVET кәсіптік білім беру үшін кредиттік бірліктер жүйесіне көшу  қарастырылады.

Семинардың пленарлық отырысында тау-кен металлургия кешені үшін Риддер аграрлық-техникалық колледжі мен кәсіпорындардың әлеуметтік әріптестігінің оң тәжірибесі қарастырылып талқыланады.

Семинардың екінші жартысында, қатысушылар аталған тақырыптар бойынша өзекті мәселелерді ашып көрсетіп, практикада қолдану мүмкіндігіне ие болады.

 

Қосымша мәліметтерді www.kasipkor.kz сайтында жарияланған ақпараттан,     сондай-ақ, 8 (7172) 79-45-36 және 8 701 208 18 11 телефондары арқылы Рысбетова Назымға E-mail: naz.kaz@mail.ru, Алмаходжаева Юлдузға тел.87788380434 хабарласып, алуға болады.